Артериялық гипертония


28 января 2011, 13:42 | 7 641 просмотр

ГИПЕРТОНИЯ – АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУ. ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ. ОЛ ЖҮРЕК , ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ , ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ , БҮЙРЕКТІҢ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДА ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ . КӨП ЖАҒДАЙДА ТОЛҚУЛАР, ҚАТТЫ АШУЛАНЫП – ҚАПАЛАНУ ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ УАҚЫТША КӨТЕРІЛУІ : 130/ 80 ММ 139/89 ММ СЫНАП БАҒАНАСЫ БОЙЫНША БОЛСА, ОДАН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛСЕ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ТҮСПЕСЕ ЖҮРЕККЕ ЖӘНЕ МИ, БҮЙЕК, КӨЗ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА САЛМАҚ ТҮСІРІП АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫНА ӘКЕП СОҒАДЫ. МҰНДАЙ ҚАЛЫПСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА , ӘЙЕЛДЕРДЕ КЛИМАКС ЖАҒДАЙЫНДА, ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАНДА , ШУЛЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМДАРДА, ЖАТТЫҒУ ЖАҒДАЙЫН ӨЗГЕРТКЕН СПОРТСМЕНДЕРДЕ БОЛУЫ МҮМКІН.

Гипертония ауруының кездесуіне тұқым қуалау факторы да әсер етеді. Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай – күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу . 130/85 – 139/89 – бағаланады.


I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады.

Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 мм аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек , ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 – дан бастап және одан жоғары көрсет-кіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін:

-Инсульт / ми қан тамырларының зақымдануы/

-Миокард инфарктісі / жүрек қан тамырларының зақымдануы/

-Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі / бүйрек қан тамырдарының зақымдануы/

-Соқырлық / көз қан тамырларының зақымдануы/

Жүрек қан тамырлары жағынан аурудың асқынуы бойынша қауіптілік алғашқы 10 жылда пайызбен (%) есептеледі.

1.15% — ға дейін – төменгі қауіптілік

2.15 — 20% — ға дейін – орташа қауіптілік

3.20 — 30% — ға дейін – жоғары қауіптілік

4.30 % — ға дейін – өте жоғары қауіптілік

Қауіптілік пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым асқыну аурулары да қиындау болады.


Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан әр жағдайда:

-Бір ретте болса қан қысымы көтерілген болса,

-Туыстарыңыздың қан қысымы жоғары болса,

-Жасың 35 – тен асса және артық салмағыңыз болса,

-Қант диабетімен ауырсаңыз,

-Климакс уақыты болса,

-Нерв жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйіңізде жайсыздық болған жағдайда дәрігерге көрініп, қан қысымыңызды өлшетіңіз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін:темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Артық салмақ та зиян екенін естен шығармайық.

Салмақтың азюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросилероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмағыңыз 5 кг – ға азайтса қан қысымыңыз 5,4/2,4 мм-ге төмендейді. Сондықтан салмағыңызды күнде таңертең өлшеп тұрыңыз.

Артық салмақ кетле индексі бойынша: = есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса , артық салмақ,ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеңіз. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.


Ет – май тағамдарын өсімдік – көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне 5 дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті К – Mg тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта болады. Дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру – артериялық гипертония ауруының алдын алудың басты кепілі.

Егшер дәрігер сіздің қан қысымыңызды бірнеше рет өлшеп артериялық гипертония ауруыңызды анықтаған болса; онда жоғарыда көрсетілген ақыл – кеңеске қоса мына жағдайды есте ұстаңыз.

-Дәрі ұзақ уақыт, өмір бойы қабылданады,

-Дәрі мөлшері дәрігермен анықталып, өзгеріп тұруы мүмкін,

-Әр ауруға өз дәрісі – белгіленеді,

-Күніне 1 -2 рет қана қабылданатын дәрі пайдалы, дәрі 2 — 3 түрлі болуы мүмкін,

-Кенеттен көтерілген қан қысымы дәрінің түрін өзгертуді қажет етпейді.

Есте сақтаңыз: гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кете алмайды, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады.


Артериалдық қан қысымының жоғары деңгейде болуына байланысты диспансерлiк бақылауда тұрган аурулар саны;

2008 жылы 16 онын iшiнде 12 әйел.

2009 жылы 25 онын iшiнде 16 әйел.

2010 жылы 35 онын iшiнде 25 әйел.

Жаңадан дәрiгердiң бақылауына алынған аурулар санының өсуi; жасаңғырауы байқалады.

Артериалдық қан қысымының жоғарылауына байланысты дәрiгерлiк бақылауға алынған аурулардың санының өсуi белсендi анықтауга және себептердiн көбеюiне байланысты болды.

Аурулардың өз қан қысымын өлшеу сауаттылығы, белсендi анықтау,күнделiктi дәрiгер белгiлеген дәрiлердi қабылдап тұруы, саламатты өмiр салтын сақтауы-аурудың әр түрлi асқынуларынан сактайды.

Источник http://zhardem.kz/news/1703

Артериялық гипертония

Гипертония деген не?

Гипертония деген не?

Гипертония – артериалдық қан қысымының (140/90 және одан жоғары) көтерілуіне байланысты ауру. Қан қысымы – адам денсаулығы жағдайының маңызды көрсеткіші. Толқулар, тәнге түсетін салмақ, реніш және шеккен бір дана темекінің немесе ішкен бір шыныаяқ кофе аз ғана уақытқа қан қысымын көтеруі мүмкін, сонан соң ол бұрынғы деңгейіне түседі. Егер жоғары қан қысымы (140/90 және одан да жоғары) ұзақ уақыт түспесе, жүрекке және жүрек қан-тамырларына салмақ түсіп, бұл ауруға әкеліп соғады. Гипертония ауруы кезінде ми, жүрек, бүйрек, көз қан тамырлары зақымданады.
Гипертонияны қа.


е одан жоғары болса, дәрігерге көрініңіз!
Гипертонияның алдын алу үшін не істеу керек?
• Артық салмақпен күресіңіз.
• Тұз және мал майын қолдануды азайтыңыз.
• Еңбек ету және демалу тәртібін сақтаңыз.
• Жемістер мен көкөністерді көбірек тұтыныңыз.
• Неғұрлым көп қимыл үстінде болыңыз.
• Темекі шегуден бас тартыңыз.
• Күйзелістен сақтаныңыз.
• Алкоголь ішімдіктерін қолдануды азайтыңыз.
Жоғары қан қысымын неге төмендету қажет?
Ағзада ұдайы сақталатын жоғары қан қысымынан уақыт өте жүрек бұлшық еттерінде және қан-тамырлары қабырғаларында тұрақты және қауіпті өзгерістер пайда болып, мынадай дерттерге әкеліп соқтыруы мүмкін:
• Инсульт (ми қан тамырларының зақымдалуы);
• Миокард инфарктісі (жүрек қан тамырларының зақымдалуы);
• Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі (бүйрек қан тамырларының зақымдануы);
• Соқырлық (көз қан тамырларының зақымдалуы).

Қауіп-қатер факторлары
Кез келген мамандық иелері кез келген жаста гипертонияның құрбаны болуы мүмкін.


ер, сіздің жасыңыз 35-тен жоғары болса, бұл ескертпелерді ерекше есте сақтаңыз!
Артериялық гипертонияның пайда болуының қауіп-қатер факторлары:
• темекі шегу, семіздік;
• алькоголді ішімдікті артық тұтыну;
• дұрыс тамақтанбау (тұзды, майлы тағамдары көп мөлшерде тұтыну);
• аз қимылдау;
• ұзақ уақыт күйзелісте болу;
• тұқым қуалаушылық (жақын туыстарда артериалдық гипертонияның, инфарктың және иньсулттің болуы).

Б.САТБАЕВА,
салауатты өмір салтына жауапты мейірбике.

Источник http://www.kazigurt-tinisi.kz/index.php/densaulyk/item/1214-gipertoniya-degen-ne/1214-gipertoniya-degen-ne

Гипертония– жоғары қан қысымы ретінде де белгілі – инфаркт, инсульт және бүйрек жеткіліксіздігінің дамуы қатерді арттырады. Қадағаланбаған гипертония соқырлыққа, аритмия және жүрек жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Даму қатерлері диабет сияқты, қатердің басқа да жүрек-қан тамыры факторлары болған жағдайда осы асқынулар арта түседі.

БҰЛ ӨТЕ МАҢЫЗДЫ!

  • Өз қан қысымыңды білу – жоғары қан қысымы қандай да бір симптомдармен білінбеуі мүмкін, бірақ кенеттен инсультке немесе инфарктке әкелуі мүмкін.
  • Қандағы қант деңгейін білу – қан құрамындағы глюкозаның жоғары болуы (диабет) инфаркт пен инсульттің даму қатерін арттырады. Егер сізде диабет бар болса, өзіңіздің қан қысымыңыз бен қандағы қант деңгейін қадағалап отыру өте маңызды.
  • Қандағы холестерин деңгейін білу – қан құрамындағы холестериннің жоғары болуы инфаркт пен инсульттің даму қатерін арттырады. Дұрыс тамақтанудың көмегімен қандағы холестерин деңгейін қадағалап отыру қажет.

ГИПЕРТОНИЯ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Гипертонияның даму қатерін төмендетуге болады:

  • күнделікті тұз мөлшерін азайту
  • тамақты теңдестіру
  • алкогольден бас тарту
  • тұрақты түрде дене шынықтырумен айналысу
  • қалыпты дене салмағын сақтау
  • темекі тартудан бас тарту.

АРТЕРИЯЛЫҚ ҚЫСЫМЫҢЫЗДЫ ӨЛШЕҢІЗ!

ГИПЕРТОНИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ЖӘНЕ ЕМДЕУГЕ БОЛАДЫ!

Источник http://gp21.kz/kz/tyrgyndarga/nazarlaryn/337-%D0%B3%D0%B8%D0%BF%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%BE%D0%BD%D0%B8%D1%8F-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D0%BD%D0%B5

Гипертония – барлығымызға мәлім жоғары қан қысымы – инфаркт, инсульттің даму қауіпі мен бүйрек жетіспеушілігін жоғарылатады. Бақылаусыз гипертония соқырлыққа, жүрек ырғақтылығың бұзылуы мен жүрек жетіспеушілігіне алып келуі мүмкін. Жүрек – қантамырлық қауіпті факторларының асқыуына, басқада қант диабеті секілді аурулардың даму қауіпін күшейтеді. Әлемде әрбір үшінші ересек адам гипертонияға шалдығуда. Гипертониямен ауыратын ересек адамдардың үлесі жасына қарай өседі – 20 жастан 40 жасқа дейінгі он адамның біреуі, ғқ жастан 60 жасқа дейінгі он адамның бесеуі.

Қалай артериялық қан қысымыңызды төмендетуге болады?


Дұрыс тамақтану рационын құрыңыз. Қалыпты жүрек – қантамырлық жүйелерін сақтау үшін теңдестірілген тамақтану рационының үлкен маңызы бар, көп көлемде жемістер мен көкөністер, тұтас астықтан тағам, майсыз ет, балық және бұршақ тұқымдастарды қосу, тағамыңызға тұз, қант пен майды қолдануды шектеу.

Дене белсенділігін жоғарылатыңыз. Қалыпты салмақты сақтау үшін күніне кем дегенде жарты сағат дене белсенділігі қажет.

Темекіні шегуден бас тартыңыз. Темекінің қай түрі болмасын, шылым, сигар мен насыбай денсаулық үшін қте зиянды. Пассивті темекі шегуде сондай қауіпті. Темекі өнімдерін қолдануды тоқтатқаннан бастап, бірден инфаркт немесе инсульттің даму қауіпі сейіле бастайды, ал бір жылдан соң ғқ пайызға төмендеуі мүмкін.

Гипертонияның алдын алу.

Гипертонияның даму қауіпін төмендетуге болады:

Источник http://stom.tilimen.org/gipertoniya-degenimiz-ne.html

Источник: zdorovo-zhivi.ru

Amb_centr_Profilaktika_AD_21-06-2018Өзектілігі: Қазақстанның ересек тұрғындарының 40 % – ға жуығы ауырлық дәрежесі әртүрлі артериялық гипертониядан зардап шегеді.

Соңғы жылдары бұл ауруға шалдыққандардың жас көрсеткіші айтарлықтай жасарып келеді – шамамен 30 жастағы емделушілерден артериялық гипертонияның белгілері анықталып отыр. Аталмыш құбылыстың себебін тұқым қуалау факторынан ғана іздемеу керек, сондай – ақ гипертонияның даму салдарын қазіргі өмір сүру салтымен – күйзеліспен, дұрыс тамақтанбаумен, артық салмақ қосумен, гиподинамиямен байланыстыруға да болады.


Қазақстанда 2007 жылдан бастап мемлекеттік, салалық бағдарлама, сондай – ақ 2011 жылдан бастап «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы іске асырылуда, олардың мақсаты – жүрек – қан тамырларының аурулары мен өлім – жітімді азайту. Қазақстанда жеті инсульт орталықтары, сондай – ақ төрт жүз жиырма артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруына арналған мектептер дамыған. Жіті инсульт кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету реттелді, облыстық клиникалық аурухананың арнайы инсульт бөлімінде «есіктен инеге дейінгі» уақыт 45 минутты қамтиды және жіті инсульт кезіндегі барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіледі. Ұлттық Ғылыми кардиохирургиялық орталықтың (ҰҒКО) негізінде  2011 жылғы наурыздан бастап РЖА әдісімен бүйрек артерияларын жүйкесіздендіру жүргізіледі. Аталмыш оталарды жүргізген кезде инсульт, мүгедектік санының азаюы күтілуде. Артериялық гипертензия – бұл систолалық артериялық қысымның тұрақты көтерілуі  ≥ 140 мм. сын. бағ. және / немесе диастолалық артериялық қысымының ≥ 90 мм. сын. бағ., аталмыш деректер емделушінің дәрігерге екі аптада  екі немесе одан да көп қаралуы кезіндегі өлшеулері бойынша келтірілген.


Артериалдық қысым көтерілгендегі шағымдар: шүйде, самай аймағындағы бастың солқылдап ауыруы және зеңуі, бас айналуы, нашар ұйқы, құбылмалы көңіл – күй,  ақыл – ойдың қабілеттілігінің төмендеуі, құлақтың шулауы. Көз алдында жұлдыздардың жылтылдауы, заттардың бұлдырап көрінуі, көру өткірлігі деңгейінің төмендеуі. Жүректің қағуы, шалыс соғуы, ентігу, әлсіреу, физикалық еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі,  ісінулердің пайда болуы.

Өкінішке орай, артериялық гипертензия әртүрлі қосарланған аурулармен және асқынулармен қатар жүреді. Олардың арасында:

  • Атеросклероз. Артериялық гипертензия атеросклероздың қауіп факторы болуы мүмкін – аталмыш ауруда қандағы липопротеидтердің жоғары деңгейі байқалады, сондай – ақ қан тамырларының қабырғасындағы түйіншектер қалыптасады.
  • Жүрек аурулары. Артериялық гипертензия миокард инфарктінің туындау қаупін арттырады, себебі ол атеросклероздың қауіп факторы болып табылады, сондай – ақ жүрек бұлшық етін қанмен қоректендіретін артериялардың қан тамырларының тарылуына ықпал етеді.
  • ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) аурулары. Оларға инсульт, созылмалы ми қан айналымының бұзылуы және т. б. жатады.
  • Бүйрек аурулары. Артериялық гипертензия бүйрек ауруларының негізгі себептерінің бірі болып табылады, оның ішінде бүйрек жетіспеушілігі, бұл олардағы қан айналымының бұзылуымен байланысты.
  • Көрудің бұзылуы. Артериялық гипертензия көру жүйкесінің, сондай – ақ көз торының қан айналымының бұзылуымен сипатталады.
  • Қант диабеті. Артериялық гипертензия қант диабетінің көптеген асқынуларының қауіп факторы болып табылады, мысалы, диабеттік табан, ретинопатия (көз торының патологиясы) және т. б.
  • Преэклампсия. Преэклампсия – бұл гестоз (жүктілік токсикозы) мазалайтын жүкті әйелдерге тән жағдай. Артериялық гипертензия бұл елеулі асқынулардың белгісі болуы мүмкін.
  • Метаболизмдік синдром. Бұл адам ағзасының, семіздікпен, артериялық қысымның, қандағы қанттың деңгейінің көтерілуімен, миокард инфаркті мен инсульт алу қаупімен байланысты жағдайының тобы.

Артериялық гипертония – бұл үкім емес. Кардиолог – дәрігердің қатаң бақылауында болу, емделу, тамақтану, салауатты өмір салтын жүргізу  бойынша барлық ұсыныстарды орындау  өте маңызды. Жоғарыдағы ережелерді сақтасаңыз артериялық гипертонияның асқынуның алдын аласыз. Спиртті ішімдіктерден, натрийден бас тартып, артық салмақтан арылу қажет. Дене жаттығулары, жүру, дене шынықтыру, ЕДТ (емдік дене тәрбиесі) қан айналымын жақсартады және артериялық қысымды реттейді. Калийге бай биологиялық белсенді қоспаларды тағамға қолдануға болады. Мейіздің, кептірілген өріктің, қара өріктің құрамы калийге бай.

«Амбулаториялық орталық» мекемесі Терапевт – дәрігер Абишева Кульпаш Фугатовна

Источник: densaulyk.gov.kz

ГИПЕРТОНИЯ – АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУРУ. ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ БАСТЫ КӨРСЕТКІШІ. ОЛ ЖҮРЕК , ҚАН ТАМЫРЛАРЫНЫҢ , ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ , БҮЙРЕКТІҢ ЖАҒДАЙЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДА ӨЗГЕРІП ТҰРАДЫ . КӨП ЖАҒДАЙДА ТОЛҚУЛАР, ҚАТТЫ АШУЛАНЫП – ҚАПАЛАНУ ОРТАЛЫҚ НЕРВ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕ ӘКЕП СОҒАДЫ.АРТЕРИЯЛЫҚ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ УАҚЫТША КӨТЕРІЛУІ : 130/ 80 ММ 139/89 ММ СЫНАП БАҒАНАСЫ БОЙЫНША БОЛСА, ОДАН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛСЕ ЖӘНЕ ҰЗАҚ УАҚЫТ ТҮСПЕСЕ ЖҮРЕККЕ ЖӘНЕ МИ, БҮЙЕК, КӨЗ ҚАН ТАМЫРЛАРЫНА САЛМАҚ ТҮСІРІП АРТЕРИЯЛЫҚ ГИПЕРТОНИЯ АУРУЫНА ӘКЕП СОҒАДЫ. МҰНДАЙ ҚАЛЫПСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА , ӘЙЕЛДЕРДЕ КЛИМАКС ЖАҒДАЙЫНДА, ІШІМДІККЕ САЛЫНҒАНДА , ШУЛЫ ЖАҒДАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АДАМДАРДА, ЖАТТЫҒУ ЖАҒДАЙЫН ӨЗГЕРТКЕН СПОРТСМЕНДЕРДЕ БОЛУЫ МҮМКІН.

Гипертония ауруының кездесуіне тұқым қуалау факторы да әсер етеді. Гипертония ауруы артериялық қан қысымының көрсеткіші және адамның жай – күйіне байланысты 3 сатыға бөлінеді. Алдымен уақытша көтерілу . 130/85 – 139/89 – бағаланады.

I – саты: Артериялық қан қысымы сынап бағанасы бойынша 140/90 – 159/99 мм. Адамның ұйқысы бұзылып , шаршау, жүрек қағу, мазасыздық пайда болады.

Бұл жағдайлар дұрыс дем алып , тыныштандыратын дәрілерден кейін қалпына түседі.

ІІ – саты : Артериялық қан қысымы 160/100 – 179/109 мм аралығында және бас ауру, жүрек айну, жүрек шаншу, бас айналуы мүмкін. Мазасыздық, шаршау, ұйқы бұзылу арта түседі. Бұл жағдайда жүрек , ми қан тамырларында өзгерістер пайда болады және қан қысымын төмендететін дәрілер қабылданған соң қалпына келгенімен тұрақты бір көрсеткіште тұрмайды.

ІІІ – саты: Артериялық қан қысымы 180/110 – дан бастап және одан жоғары көрсет-кіште үнемі болатын жоғарғы қан қысымынан жүрек бұлшық еттері мен қан тамырлары қабырғаларында болған қауіпті өзгерістерге (атеросклероз) байланысты ауытқулар болуы мүмкін:

-Инсульт / ми қан тамырларының зақымдануы/

-Миокард инфарктісі / жүрек қан тамырларының зақымдануы/

-Бүйрек жұмысының жеткіліксіздігі / бүйрек қан тамырдарының зақымдануы/

-Соқырлық / көз қан тамырларының зақымдануы/

Жүрек қан тамырлары жағынан аурудың асқынуы бойынша қауіптілік алғашқы 10 жылда пайызбен (%) есептеледі.

1.15% — ға дейін – төменгі қауіптілік

2.15 — 20% — ға дейін – орташа қауіптілік

3.20 — 30% — ға дейін – жоғары қауіптілік

4.30 % — ға дейін – өте жоғары қауіптілік

Қауіптілік пайызы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым асқыну аурулары да қиындау болады.

Гипертония ауруының қауіптілігі көптеген адамдар өз қан қысымының жоғары екенін білмегендігінде. Сондықтан әр жағдайда:

-Бір ретте болса қан қысымы көтерілген болса,

-Туыстарыңыздың қан қысымы жоғары болса,

-Жасың 35 – тен асса және артық салмағыңыз болса,

-Қант диабетімен ауырсаңыз,

-Климакс уақыты болса,

-Темекі шексеңіз,

-Ішімдік пайдалансаңыз,

-Нерв жүйесіне артық салмақ түссе және ішкі жай – күйіңізде жайсыздық болған жағдайда дәрігерге көрініп, қан қысымыңызды өлшетіңіз. Ауруды уақытында анықтау, дер кезінде емдеу аурудың асқынуынан сақтайды.

Ең бастысы аурудың алдын алу, ол үшін:темекі шегу, ішімдікке салыну сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу. Артық салмақ та зиян екенін естен шығармайық.

Салмақтың азюы тек қана артериялық қан қысымын төмендетіп қоймайды, холестерин мөлшерін азайтады және қан тамырларында атеросилероздық өзгерістерді төмендетеді. Мысалы: артық салмағыңыз 5 кг – ға азайтса қан қысымыңыз 5,4/2,4 мм-ге төмендейді. Сондықтан салмағыңызды күнде таңертең өлшеп тұрыңыз.

Артық салмақ кетле индексі бойынша: = есептеледі. Егер 25 тен жоғары болса , артық салмақ,ал 30 дан жоғары болса семіру деп есептеңіз. Сондықтан күнделікті тамақтан қантты, тәттілерді, ұн – нан тағамдарын , малдың майын, сары май, майлы етті, қою шай, кофені, қою сорпаны шектеу қажет. Күніне 3 -4 рет тамақтану қажет. Соңғы тамақ ұйқының алдында 2 -3 сағат бұрын, ал ертеңгі тамақ пен кешкі тамақтың арасы 10 сағаттан артық болмауы керек. Тамаққа ас тұзы аз мөлшерде қосылуы керек. Әр адамға күніне 3,5 – 5г ( 1 шай қасық ) тұз жеткілікті.

Ет – май тағамдарын өсімдік – көкөніс тағамдарына алмастыру қажет. Күніне 5 дана көкөніс өнімдерін жеу шетелдерде жақсы көрсеткіштер берген. Жүрек қан тамырларына қажетті К – Mg тұздары бүтін піскен картопта, фасольде, бұршақ, өрік – мейіз, қара өрікте, сұлыда, қызыл қызылшада, қарақатта, сәбіз, асқабақ, алмұрт, апельсинде, тауық етінде, балықта болады. Дене шынықтыру жаттығулары, таза ауда серуендеу, күніне 40 мин жаяу жүру, еңбек және дем алу тәртібін сақтау, әр кезде артериялық қан қысымын өлшетіп тұру – артериялық гипертония ауруының алдын алудың басты кепілі.

Егшер дәрігер сіздің қан қысымыңызды бірнеше рет өлшеп артериялық гипертония ауруыңызды анықтаған болса; онда жоғарыда көрсетілген ақыл – кеңеске қоса мына жағдайды есте ұстаңыз.

-Дәрі ұзақ уақыт, өмір бойы қабылданады,

-Дәрі мөлшері дәрігермен анықталып, өзгеріп тұруы мүмкін,

-Әр ауруға өз дәрісі – белгіленеді,

-Күніне 1 -2 рет қана қабылданатын дәрі пайдалы, дәрі 2 — 3 түрлі болуы мүмкін,

-Кенеттен көтерілген қан қысымы дәрінің түрін өзгертуді қажет етпейді.

Есте сақтаңыз: гипертония ауруынан адам бір жолата жазылып кете алмайды, тек өмір сүру бағытын өзгерту және үнемі дәрігердің белгілеуі бойынша дәрі қабылдап отыру арқылы ғана қан қысымын бір мөлшерде ұстауға аурудың асқынуынан сақтануға болады.

Жұмыс тәжірибесi

Артериалдық қан қысымының жоғары деңгейде болуына байланысты диспансерлiк бақылауда тұрган аурулар саны;

2008 жылы 16 онын iшiнде 12 әйел.

2009 жылы 25 онын iшiнде 16 әйел.

2010 жылы 35 онын iшiнде 25 әйел.

Жаңадан дәрiгердiң бақылауына алынған аурулар санының өсуi; жасаңғырауы байқалады.

Қорытынды

Артериалдық қан қысымының жоғарылауына байланысты дәрiгерлiк бақылауға алынған аурулардың санының өсуi белсендi анықтауга және себептердiн көбеюiне байланысты болды.

Аурулардың өз қан қысымын өлшеу сауаттылығы, белсендi анықтау,күнделiктi дәрiгер белгiлеген дәрiлердi қабылдап тұруы, саламатты өмiр салтын сақтауы-аурудың әр түрлi асқынуларынан сактайды.

Источник: zhardem.kz

МОМК

Реферат

Орындаған:Жидебай Салтанат

2017-2018жыл

Артериялық гипертония

Артериялық гипертония немесе артериялдық гипертензия – артериялдық қысымның жоғарылауын білдіретін симптом. Артериялдық гипертензия гипертониялық аурудың және басқа да симптоматикалық артериялық гипертонияның негізгі белгісі болып табылады. Гипертониялық ауру (эссенциалды гипертензия) жүрек-қантамыр ауруларының ең жиі тараған түріне жатады. Гипертониялық ауру барлық артериялдық гипертониямен ауыратындардың 65-75%, симптоматикалық артериалық гипертониямен ауыратындар — 25-35% құрайды. АГ синдромының белгілері Бастапқы кезеңдерінде науқастар еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас ауруына, бас айналуға, құлақтың шуылдауына, бастағы ауырлық сезіміне, кейінірек физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы мен бас айналудың тұрақты сипат алуына шағымданады. Ағымының 4 нұсқасын ажыратады: 1 — қатерлі (тез өршитін); 2 – баяу өршитін; 3 — өршімейтін; 4 – қайтымды дамуымен; Қатерлі түрінде АҚ бастапқы кезден-ақ тез өршиді, АҚ өте жоғары сандарына жетеді ( 220/130-140 мм с.б.б. жоғары), көз түбінің торқабықтың және көру нервінің ісінуі ретінде зақымдалады, геморрагиялар болады; бүйрек тамырларындағы органикалық өзгерістер (фибриндік некроз) орны алуы да жиі кездесіп отырады. Сонымен қатар гипертониялық энцефалопатиялар, ми қанайналымының бұзылысы, жіті солқарыншалық және бүйректік жеткіліксіздік дамиды. Гипертониялық криз Гипертониялық ауруға кезеңді түрде АҚ көтерілуі – гипертониялық криздер тән. Криздердің дамуына психикалық жарақаттар, жүйкелік қозу, атмосфералық қысымның ауытқуы әсер етеді. Гипертониялық криз әртүрлі ұзақтықтағы (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) АҚ кенеттен көтерілуімен байқалады, ол бастың бірден ауыруымен, бас айналумен, ыстық сезімінің болуымен, тершеңдікпен, жүрек қағуымен, жүрек тұсының шаншып ауруымен, кейде көрудің бұзылуымен, жүрек айнумен, құсумен сипатталады. Ауыр жағдайда криз кезінде естен тану да болуы мүмкін. Криз кезінде науқастар қозулы, қорыққан, немесе әлсіз, ұйқышыл, тежелген күйде болады. АҚ кенет жоғарылайды. Пульсі жиіленген, бірақ өзгермеуі немесе баяулауы да мүмкін, оның кернеулігі жоғарылайды. Кеш сатыларында, яғни ауруда органикалық бұзылыстар пайда болғанда, криз уақытында ми қанайналымының бұзылуы, миокад инфаркті, жіті солқарыншалық жеткіліксіздік дамиды. Симптоматикалық артериалдық гипертензияларды 5 топқа жіктейді. Симптоматикалық артериалдық гипертензиялардың жіктелуі (екіншілік гипертензиялар): І). Бүйректік гипертониялар: 1. Туа пайда болған ақаулар — гипоплазия, гидронефроз, поликистоз, патологиялық қозғалмалы бүйрек; артерияның атрезиясы мен гипоплазиясы, аневризмалар, артериовенозды фистулалар. 2. Жүре пайда болған ақаулар — диффузды гломерулонефрит, созылмалы пиелонефрит, амилоидоз, диабеттік гломерулосклероз, жүйелі васкулиттер (түйінді периартериит, қызыл жегі, склеродермия), бүйректер инфаркті, туберкулезі, ісігі. 3. Жүре пайда болған магистралды бүйрек артерияларының ақаулары — атеросклероз, тромбоз, кальциноз, эмболиялар, аневризмалар, фибромускулярлы дисплазия, аортоартериит, эндоартериит, тыртықтар, гематомалар, неоплазмалар, жаншылып жатқан магистралды бүйрек артериялары, бүйрек көктамырларының стеноздары және тромбоздары. ІІ). Жүрек және ірі артериялардың зақымдалуымен жүретін гипертониялар – қолқа коарктациясы, атеросклерозы, ұйқы және мықын артерияларының стенозирдаушы зақымдалулары, қолқа қақпақтарының жеткіліксіздігі, толық атриовентрикулярлы бөгеме. ІІІ). Эндокринді гипертониялар — феохромоцитома, біріншілік альдостерома, кортикостерома, тиреотоксикоз, Иценко-Кушинг ауруы. ІV). Орталық гипертониялар — энцефалит, полиомиелит, ісіктер, жарақаттар. V). Қосарланған зақымдалулардағы гипертония — бүйрек артерияларының, бүйрек паренхимасының және оның магистралды артерияларының, бүйрек үсті безі мен бүйректің, бүйректің әртүрлі паренхиматозды ауруларында. АГ синдромының диагностикасы 1. Отырған, жатқан қалпында АҚ 2-3-рет өлшеу; 2. Бойының ұзындығын, дене салмағын, бел мен мықын айнала шеңберін өлшеу, бел/мықын өлшемдерінің қатынасын есептеу; 3. Гипертониялық ретинопатияның дәрежесін анықтау үшін көз түбін тексеру; 4. Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру: жүрек көлемін, тондардың өзгеруін, шулардың болуын; жүрек жеткіліксіздігі белгілерін; ұйқы, бүйрек және шеткері артерияларының патологияларын, қолқа коарктациясын; 5. Құрсақ қуысын тексеру (тамырлық шулар, бүйректердің ұлғаюы, қолқаның патологиялық пульсациясы); 6. Шеткері артериялардың пульсациясын және аяқтардағы ісіктерді анықтау; 7. Цереброваскулярлы патологияны анықтау үшін жүйке жүйесін тексеру. Міндетті зерттеулер, емнің алдында нысана ағзалардың зақымдалуы мен қауіп факторларын анықтау қажет: — несеп анализі; — жалпы қан анализі лейкоформуласымен; — қан анализі (калий, натрий, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин және жоғары тығыздықтағы липопротеидтер); — 12 тіркемедегі ЭКГ.

Источник: ru.essays.club

Артериялық гипертензиядан азап шегетін көптеген науқастардың 30-35 процентінде гипертензия бүйрек пен оның тамырларының ауруына байланысты болады (нефрогендік гипертензия).

Нефрогендік гипертензияның екі формасы бар: вазоренальды және паренхиматозды (15.1-кесте). Вазоренальды гипертензияның даму негізінде бүйрек артериясы мен оның негізгі тармақтарының туа біткен немесе жүре пайда болған бір немесе екі жақты зақымдануы жатады. Паренхиматозды гипертензия көбіне бүйректің бір немесе екі жақты пиелонефрит, гломерулонефрит және басқа ауруларының (нефролитиаз, туберкулез, ісік, бүйрек кистасы, гидронефроз, бүйрек поликистозы және т.с.с.) негізінде пайда болады.

Нефрогендік артериялық гипертензияның вазоренальдық формасы

Вазоренальды артериялық гипертензия орта есеппен алғанда артериялық гипертензиясы бар науқастардың 7 процентінде байқалады.

Этиологиясы. 1934 жылы Гольдблатт бір бүйректің бүйрек артериясын тарылту арқылы иттерде тұрақты артериялық гипертензия туғызды. Әр түрлі себептерге байланысты бүйрек артериясының стенозы немесе бітелуі (окклюзия) кезінде адамдарда да артериялық қысым көтеріледі екен. Стеноздық себептері ішінде ең көп ұшырасатыны (науқастардың 65-70 процентінде) — атеросклероз, мұнда тамырлардың қуысы тарылады. Оның қабырғасының фибромускулдық дисплазиясы негізінде дамитын бүйрек артериясының стенозы екінші орын алады (25-30%). Серпімді тканьнің тапшылығына орай қан тамырлы қабырғаның «әлсіздігінен» болатын туа біткен өзгерістер дисплазияның негізін құрайды. Бұдан кейін бұлшық ет тканінде компенсаторлық гипертро­фия, фиброз тканінде пролиферация құбылысы басталады, бұлар негізінен артерия қабырғасындағы қабаттардың бірін, көбіне медия мен интимді зақымдайтын дисплазиялық процестерге жалғасады. Патологиялық процесс әдетте циркуляторлы көптік стенозға әкеп тірейді, ол пішіні жөнінен тәспіні еске түсіреді.

Соңғы уақытқа дейін артериялық гипертензияның себебі ретінде нефроптозға көп көңіл бөлінбеді. Нефроптоз кезіндегі бүйрек артериясының шамадан тыс керілуі мен бұралуын оның стеноздық зақымдануы деп қарастыру керектігін зерттеулер көрсетті. Бүйрек артериясы зақымдануының мұндай түрі нефроптозбен ауыратындардың 6-8 процентінен байқалады. Мұндай стеноз функционалдық стеноз, ал нефроптозбен ауру бір шама уақытқа созылғанда пайда болатын бүйрек артериясының фибромускулдықстенозы –органикалық стеноз болып табылады. Науқас горизонталь жатқанда жойылып кететін ортостатикалық артериялық гипертензия функционалдық стеноздың жетекші белгісі болып саналады. Науқас горизонталь жатқанда сақталатын гипертензия бүйрек артериясының органикалық стенозының пайда болғанын білдіреді.

Бүйрек артериясы зақымдануының қабысқан түрлері тромбоз бен эмболия кейде артериялық гипертензияға әкеп соқтырады. Оларға көбіне жүрек пен қан тамырларының аурулары, жарақат және т.б. жағдайлар себеп болады. Вазоренальды гипертензияның сирек кездесетін себептеріне мыналар жатады: бүйрек артериясының аневризмі және туа біткен стеноз, қолқа мен оның тармақтарының панартерииті, бүйрек артериясының сырттан диафрагма ашасымен, гематомамен, лимфа түйінімен сығылуы және т.с.с.

Клиникалық барысы мен белгілері

Патогенезі.1898 жылы Тигерштедт және Бергман өз тәжірибелеріне сүйеніп, ишемиялы бүйрек тінінде артериалды гипертензия туғызатын зат бар екенін болжамдады. Ол затты ишемияланған бүйрек тінінен тұзды экстракт күйінде алып, жануар қанына енгізгенде, оның қан қысымы дереу көтерілді. Осыған байланысты авторлар, бүйрек тінінде ишемия жағдайында прессорлық зат пайда болады деп, оның атын ре­нин қойды (латынша REN — бүйрек).

Қазіргі уақытта бүйрек ишемия кезінде протеолиттік фермент — ре­нин шығаратыны анықталған. Ренин бүйректің юкстагломерулярлы кешенінің (ЮГК) клеткаларында пайда болады. Вазоренальды гипер-тензиялы аурулардың стенозы бор жоқ бүйрегінде, юкстагломерулярлы кешеннің клеткаларында гипертрофия және секрет бөлетін гранулдардың көбеюі, сонымен қатар ренин активтігінің жоғарылығы табылады. Көптеген мамандарында айтуынша, рениннің көбеюі, ишемияның ғана нәтижесі емес, ол бүйрек тамырындағы пульстік қысымның өзгерісінің нәтижесі. Бүйрек артериясының стенозына байланысты, тамырдың тарылған жерінен дистальды бөлігінде қан кысымы төмен болады. Осыған байланысты әкелуші артерияның қабырға кернеуі төмендейді де, оның өзі macula densa (ЮГК-мен байланысты өзекшелердің бөліктері) геморецепторларын қоздырып, оның әсерінен ренин секрециясы ұлғаяды.

Ренин қандағы бауырдан бөлінетін а — глобулинмен (гипертензиногенмен) қосылады. Осы 2 -заттың қосылу нәтижесінен прессорлы по­липептид, ангиотензин туады. Ангиотензиннің 2 түрі бар: ангиотензин I және ангиотензин II, ал ангиотензин ІІангиотензин I — екі аминқышқылының бөлінуінен пайда болады.

Қазіргі уақытта ренин мен ангиотензин І-дің артериалдық қысымды көтермейтіндігі белгілі. Тек ангиотензин ІІ-нің прессорлы қасиеті бар, ол қан айналымында жүріп, артериалдық гипертензия туғызады. Ангиотензиннің ыдырауы арнаулы фермент — ангиотензиазаның қатынасымен болады.

Ангиотензин вазоренальды гипертензия кезінде альдостеронның секрециясын жандандырады, ал ол болса, организмде натрийдың кідіруіне жағдай жасайды. Натрий бүйрек артериясының және артериолдарының қабырғасында жиналып, ол жерде сұйықты кідіртеді, оның салдарынан қан тамырлары ісініп, қуысы тарылып, қан ағымына кедергілік туындайды. Бұл жағдайларда қан тамыр қабырғасының катехоламиндерге сезімталдығы ұлғайып, шеткі қан тамырларының тарылуына (вазоконстрикция) әкеліп соқтырады. Натрий балансының бұзылуы, оның организмде тежелуі клетка сыртындағы сүйықтың, плазманың көлемінің ұлғаюына, жүрек қуыстары қысымының ұлғаюына жеткізеді.

Ренин мен ангиотензин рөлінің анықталуымен қатар, вазоренальдық артериалдық гипертензияның патогенезінде биологиялық әсерлі полипептидтер — кининдердің (бродикинин, калликреин т.с.с.) рөлі де бар, олар ұсақ және орта артериолдардың қуысын кеңітіп, соған байла­нысты перифериялық кедергіні төмендетеді. Рекиннің көбеюімен қатар, бүйректің милы қабатында простоглонуиндердің өнуі ұлғайып, ал олар ангиотензин ІІ-нің вазоконстриктілігін әлсіретеді.

Вазоренальдық гипертензияның патогенезінде бір ескеретін жағдай, ол бір жақты бүйрек ауруында, ол бүйректің қызметі біршама сақталып тұрған кезінде, екінші сау деген бүйрек тамырларының артериосклерозбен терең зақымдану мүмкіндігі.

Вазоренальды артериялық гипертензия кез келген жаста байқалуы мүмкін, алайда ол (науқастардың 93 процентінде) 50 жасқа дейін жиі кездеседі. Гипертензияға ұласатын бүйрек артериясының атеросклероздық стенозын көбіне 40 жастан асқан еркектерден, фибромускулдық стенозды -көбіне жас және орта жастағы әйелдерден табады.

Әдетте тек вазоренальды артериялық гипертензияға тән шағымдар болмайды. Оған тән белгі — гипертензия анықталатын сәтте шағымның болмауы, яғни аурудың әртүрлі профилактикалық тексеру үстінде «кездейсоқ» анықталуы. Айтарлықтай жиі кездесетін белгісі -белдің ауруы, ол нефроптоз кезінде, әсіресе науқас тік тұрғанда бастың ауруына жалғасады. Вазоренальды артериялық гипертензия кенеттен, тез пайда болады, науқастардың 18-30 процентінде қауіпті, үнемі дерлік жоғары диастолалық қысыммен (110-120 мм сын.бағ. және одан да көп) өтеді, кейде кризге әкеп соқтырады.

Диагноз қою. Вазоренальды артериялық гипертензияны айыру үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең — аортография үшін науқастарды іріктеу: анамнезді анықтау, жалпы клиникалық зерттеу әдістерін, изотопты ренографияны сканирлеуді және экскреторлық урографияны, ультрадыбысты қолдану. Диагностиканың бұл кезеңін поликлиника жағдайында немесе маманданбаған стационарда интернист дәрігер офтальмологпен, радиологпен және рентгенологпен бірге жүргізе алады.

Вазоренальды гипертензиямен ауыратындардың анамнезінен мыналар табылады: 1) аурудың отбасылық (тұқым куалайтын) сипатының жоқтығы; 2) гипотензивті терапияның әсерінің болмауы немесе әсерінің қысқа мерзімділігі; 3) белдіңқатты ауыруынан, бүйректің жарақаттануынан немесе оған операция жасаудан кейін гипертензияның пайда болуы; 4) транзиторлық қауіпсіз артериялық гипертензияның кенет асқынуы. Гипертензиясы емдеуге келмейтін және аурудың аталған белгілері бар науқастарды арнайы тексеруден өткізу қажет.

Жалпы клиникалық тексеру кезінде артериялық қысымды өлшеу диастолалық көрсеткіштің едәуір өскенін анықтауға мүмкіндік береді. Науқастың артериялық қысымын әр түрлі жағдайда — жатқанда, тұрғанда, дене еңбегінен кейін қол-аяқтан анықтаудың маңызы бар. Ортостатикалық гипертензия нефроптозбен ауыратындардың 85 процентінен байқалады. Дене еңбегі (30 минуттық серуен немесе 15-20 рет отырып-тұру) арқылы күш түсіре отырып, науқастардың осындай тобынан артериялық гипертензияны анықтайды. Ортостатикалық ги­пертензия, әдетте, гипертониямен ауыратын науқастардан байқалмайды.

Вазоренальды гипертензияның келесі маңызды белгісі — қол мен аяқтағы артериялық қысым мен тамыр соғуының асимметриялылығы, бұл жағдай панартериитте байқалады. Вазоренальды артериялық гипер­тензиясы бар науқастардың жартысынан эпигастральды аймаққа аускультация жасау кезінде систолалық (аневризмде) және диастолалық шу анықталады, ол бүйрек артериясының фибромускулдық стенозында жиі байқалады.

Вазоренальды гипертензиясы бар науқастардың көз түбін тексергенде ангиоспастиялық ретинопатия эссенциальдық артериялық гипертензияға қарағанда айтарлықтай жиі байқалады.

Артериялық гипертензиясы бар кейбір науқастарда бүйрек артериясының стенозы негізінде қандағы эритроциттер мен гемоглобин деңгейінің жоғары болатыны анықталады.

Бүйректің қанағаттанарлық жиынтық кызметі едәуір ұзак сақталады, мұнда осмостық концентрлеу деңгейінің жоғары болатыны байқалады. Ол бүйректегі шумақтықфильтрация мен қан ағысы көлемінің кемуіне байланысты, мұның өзі өзекшелердегі реабсорбцияны күшейтеді. Изотопты ренография бүйректің стеноз жағындағы функционалдық күйін зерттеудің құнды әдісі болып табылады.

Экскреторлық урография вазоренальды гипертензиямен ауыратын науқастарды тексергенде бүйректің көлеміндегі айырмашылықтардытауып, олардың әрқайсысының-қызметіне сипаттама береді. Рентгенконтраст затты енгізгеннен кейінгі алғашқы минуттарда бүйректің сте­ноз жағындағы қызметінің бузылуын сезуге мүмкіндік беретін сериялы урография методикасы қолданылады. Венаға 20-30 с ішінде рентгенконтраст заттың (уротраст, урографин, верографин және т.с.с.) 60-80 процентік ерітіндісінен 40 мл енгізіп, 1, 3, 5, 10 және 20-минуттарда науқасты тік тұрғызып, суретке түсіреді. Бір суретті (10 минутта) аурудытұрғызып түсіреді. Экскреторлық урография бүйрек артериясының стенозына тән бірқатар белгілерді анықтауға мүмкіндік береді: 1) тостағанша-астау жүйесінде рентгенконтраст заттың баяу пайда болуы; 2) бүйрек ұзындығының 1 см-ден астам кемуі, бұл бүйректің семе бастағанынкерсетеді; 3) ерте және тұрақты нефрограмма; 4) кейінгі суреттердегі рентгенконтрастың гиперконцентрациясы; 5) бүйрек қызметінің болмауы.

Тексерудің екінші кезеңі бүйрек ангиографиясын (аортография) жүргізуден тұрады. Егер алдын ала экскреторлық урография жүргізілмесе, оны аортографияның бір фазасы ретінде атқарады. Бүйрек безінде ісіктің болатынына күдік туғанда аортографияны пневморетроперитонеуммен және томографиямен бір күнде жүргізеді.

Бүйрек ангиографиясы — вазоренальды гипертензия кезінде бүйрек артериясы зақымдануының түрін анықтайтын әдіс. Ол стеноздың сипатын, оның орны мен дәрежесін, бір немесе екі жақты зақымдануын анықтауға мүмкіндік береді. Бүйрек артериясы стенозының функционалдық маңызды белгілерінің бірі — оның стеноздан кейінгі кеңуі.

Бүйрек ангиографиясына қажетті көрсеткіштер мынадай: 1) тиісті анамнез, жалпы клиникалық зерттеу әдістері, изотопты ренография не­месе сцинтиграфия, экскреторлық урография арқылы табылған өзгерістер; 2) гипотензивті терапия нәтижесіз, қауіпті тұрақты артерия­лықгипертензияның болуы, әсіресе 50 жасқа дейінгі адамдарда болуы; 3) ортостатикалық артериялық гипертензия, әсіресе нефроптоз кезіндегі; 4) гипертензиямен ауыратындардың эритремиясы.

Бүйрек артериографиясы арқылы мынадай өзгерістерді анықтайды.

Көбіне бір жақты-болатын атеросклероздық стеноз. Ол әдетте қолқаға өте жақын орналасады. Науқастардың 20 процентінде дерлік қолқа мен бүйрек артериясының атероматозы ұштасып келеді.

Фибромускулдық стеноз көбіне екі жақты болады, көп ретте оң жақ бүйрек артериясын зақымдап, оның тармақтарына, кейде бүйрек ішіндегі тамырларға таралады. Стеноз магистральдық артерияның ортаңғы және дистальдық үштен біріне орналасады, ангиографияда тәспі тәрізденіп көрінеді. Стеноздың ерекшеліктерін анықтау қажет болғанда бүйректің талғамалы (селективті) артериографиясын қолданады.

Артериограммада бүйрек артериясы мен оның тармақтарының тромбозы немесе эмболиясы тамыр діңінің кесілген ұшы тәрізденіп көрінеді.

Бүйрек артериясының аневризмасы дегеніміз бүйректің ішінде де, ішкі де, сыртқы да бөлігінде тамырдың қалта тәрізді немесе ұршық тәрізді ұлғаюы (15.1-сурет).

Нефроптоз кезіндегі артериялық гипертензияның себебін анықтауда бүйрек ангиографиясының ерекше маңызы бар. Бұл жағдайда науқасты тік тұрғызып және жатқызып тексереді. Вертикаль аортограммадағы бүйрек артериясы күрт созылған, диаметрі кішірейген. Гемодинамикалык өзгерістердің сипатын анықтау үшін осымен бір мезгілде талғамалы венография мен флеботонометрия жүргізеді. Вертикаль аортография нефроптозбен ауыратын науқастардан бүйрек артериясының фибромускулдық стенозын табуға мүмкіндік береді, ал оны горизонталь жатқан науқастан ангиограммада таба алмаймыз.

Вазоренальды артериялық гипертензиямен ауыратын науқасты тексерудің үшінші кезеңі — артериялық қысым көтерілуінің бүйрек артериясынан табылған өзгерістерге тәуелділігін анықтау. Ол үшін бүйректердің веналарын катетерлеп алған қаннан рениннің плазмадағы активтігін анықтайды, егер рениннің активтігі стеноз жағынан 1,5 есе қарсы жағынан артық болса, онда рениннің артериалдық гипертензиядағы рөлін дәлелдейді. Тексерудің соңғы буыны — екінші бүйрекке пункциялық биопсия жасау — сирек қолданылады.

Каптоприл үлгісі ренин-тәуелді артериялық гипертензияны айыруда мәнді рөл атқарады, бұл үлгі оның бір жолғы дозасының (25 мг) гипотензивті әсеріне негізделген. Каптоприл (капотен, тензиомин) вазоактивті ангиотензин ІІ-нің ингибиторы. Каптоприлдің әсері бүйрек венасындағы, сондай-ақ шеткі веналардағы қан плазмасы ренинінің активтігін арттыруға ұласады.

Ангиотензивті тест мынаған негізделген: эндогендік ангиотензинінің деңгейі жоғары (яғни вазоренальды гипертензиямен ауыратын) адамдар экзогенді ангиотензинді енгізуге сезімтал емес не­месе мүлде енжар болады. Эндогенді ангиотензиннің деңгейі рениннің активтітіне тура пропорционал болғандықтан, ангиотензивті тесті стеноз бен артериялық гипертензияның байланысын растау үшін пайдалануға болады.

Дифференциалдық диагностика. Вазоренальды артериялық гипертензияны көбіне гипертония ауруынан, сондай-ақ симптоматиялық ги­пертензияныңөзге де түрлерінен (бүйрек безі аурулары, нефрогендік артериялық гипертензияның паренхиматозды формалары) жіктейді. Ва­зоренальды артериялық гипертензияның айырым белгілері жоғарыда қарастырылған. Анамнезде бүйрек паренхимасының қабыну және ба­сқа патологиялық процестерінің байқалуы нефрогендік гипертензияның паренхиматозды формасы жөнінде білдіреді. Артериялық гипер­тензияның криз түрінде өтіп, гипергликемияға, глюкозурияға, қан мен несептегі катехоламиндердің жоғары деңгейіне, сондай-ақ гиперкалиемияға, қан мен несептегі изостенурияға, тәуліктік несептегі альдостеронның жоғары концентрациясына ұласуы гипертензия бүйрек бездерінің ауруы (феохромоцитома, альдостерома және т.с.с) негізінде пайда болған деген күдік айтуға мүмкіндік береді. Диагнозды компьютерлік томография мен ангиография арқылы нақтылай түседі.

Емдеу. Операциясыз терапия нәтижесіз болғандықтан, операция жа­сау бүйрек артериясының зақымдану сипатына қарамастан, вазореналь­ды артериялық гипертензияны емдеудің ең тиімді әдісі болып табылады. Операцияның мақсаты -бүйректегі қалыпты магистральдық қан айналуын қалпына келтіру. Операцияның сипаты стеноздың түріне, орны мен дәрежесіне, бір немесе екі жақты зақымдануына, зақымданған және қарама-қарсы бүйректің сақталған паренхимасының мөлшері мен сапасына байланысты.

Вазоренальды гипертензияны операция арқылы емдеу әдістеріне мыналар жатады:

1)  Нефроптоздың функциональды стенозында — нефропексия, органикалық стенозында — нефропексиямен қоса, бүйрек артериясына пластика жасалады.

2) Фибромускулярлы стеноз немесе аневризма кезінде артерияның зақымданған жерін кесіп алып, ұшына ұшын жалғастыру, кескен орнын терең сан артериясынан аутотрансплан алып жалғастыру, жасанды тамырды пайдалану (15.2-сурет).

3) Нефрэктомия: егер бүйрек қызметі тоқтаған немесе бүйрек ин­фаркты, егер бүйрек артериясының негізгі тармақтарының стеноздық көп зақымдануы, бүйрек артериясы стенозының пиелонефритке немесе бүйрек атрофиясына ұласуы, қайталам пластиканың нәтижесіздігі. Соңғы жылдары операцияны экстракорпоральды жағдайда жасау бар: бүйректі қан тамырларымен кесіп алып, арнаулы операциялық столға қойып, артерия мен вена тамырларына салқындаған арнайы құрамдағы сұйықтықты перфузиялай отырып, бүйрек тамырларына керекті хирургиялық коррекция жасап, бүйрек мықын қуысына орналастырып, қан тамырларын анастомоз жасайды (аутотрансплантация). Соңғы уақытта бүйрек артериясының стенозын арнаулы баллон-катетерді енгізіп кеңіту емдеу әдісі кең орын алып келеді. Егер баллондық дилатация жәрдем бермесе, реконструктивтік операциялар жасалуы тиіс.

Болжам:Операциясыз емдейтін вазоренальды артериялық гипертензияда болжам қолайсыз. Аз уақытқа ғана гипотензивті әсерететіндіктен, науқастардың көпшілігінде консервативтік емдеу нәтиже бермейді. Оларда гипертензия үдеп, кейде қауіпті түрге өетеді. Гипертензияның асқынуынан (жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі, миға қан құйылу, миокард инфаркті және т.с.с.) немесе созылмалы бүйректер жеткіліксіздігінен науқастар қаза табуы мүмкін. Бүйрек артериясының стенозы жағындағы бүйректің семуінен және қарама-қарсы бүйректегі артериолосклероздан бүйректер жеткіліксіздігі қалыптасады.

Нефрогендік артериялық гипертензияның паренхималық формасы

Біз бұл бөлімде гломерулонефрит кезіндегі артериялық гипертензияға тоқталмаймыз, өйткені ол терапевтік ауруларға жатады, оның орнына, созылмалы пиелонефрит барынша жиі кездесетін бүйрек паренхимасының урологиялық аурулары тұсында артериялық қысымның артатынына тоқталмақпыз.

Созылмалы пиелонефрит кезіндегі артериялық гипертензия

Этиологиясы. Артериялық гипертензияның паренхималық формасы көбіне созылмалы пиелонефриттің салдары болып табылады. Ол бір жақты созылмалы пиелонефритте 35-37% жағдайларда,екі жақты пиелонефритте — 43% жағдайларда байқалады. Пиелонефрит -несеп-тас аурулары, бүйректің поликистозы жәнебасқа кейбір аурулар кезіндегі артериялық гипертензия шығуы себептерінің бірі.

Патогенезі.Созылмалы пиелонефрит кезіндегі артериялық гипертензияны бүйрек ишемиясы туғызады деп есептейді. Ал бүйрек ишемиясы қан тамырларының склерозына, осының салдарынан бүйрек ішіндегігемодинамиканың бұзылуына ұласады. Артериялық гипертензияның паренхималық формасының патогенезінде вазоренальды гипертензияның даму механизмінің кейбір буындары болады. Атап айтқанда, пиелонефрит зақымдаған және нефрогендік гипертензияға байланысты алыптастаған буйректен юкстагломерулалық кешен клеткаларының гипертрофиясын және ренин активтігінің жоғары болатынын тапқан. Осы уақытқа дейін бүйрек ишемиясының және оның салдары ретінде гипертензияның пайда болуы гемодинамикалық тапе-теңдіктің бұзылуына байланысты деген пікір бар. Ал гемодинамикалық тепе-теңдіктің бұзылуы қызмет істеп тұрған паренхиманың азаймаған мөлшеріне қанныңжеткіліксіз келуіне байланысты. Аурудың өте асқынған сатыларының, кейде тіпті гипертензиясыз-ақ бүйрек семуінің байқалатыны міне, осыған байланысты, өйткені мұндай аурулар қан кемуінің тиісінше кемуімен қатарөтуі мүмкін.

Пиелонефриттің дамуына қарай артериялық гипертензияның патогенезіне басқа да факторлар, атап айтқанда, натрий балансының бұзылуы да қосылады, Организмде натрий айтарлықтай тежелгенде артериялық қысымның тұрақты көтерілгені анықталған. Осыған байланы­сты организмде натрий тежелмеген жағдайда пиелонефритте гипертен­зия байқалмауы мүмкін.

Белгілері мен клиникалық барысы.Созылмалы пиелонефрит негізінде дамитын артериялық гипертензияның белгілері пиелонефрит пен жоғары артериялық қысымның белгілерінен қалыптасады. Бұған қоса, науқастардың 30 процентінде дерлік созылмалы пиелонефрит тек гипертензия түрінде көрінеді, кейде ол кездейсоқ анықталады. Бұл ауру әсіресе жас әйелдер арасында жиі кездеседі. Анамнездің мағлұматтары гипертензия бүйректің қабынып ауруынан кейін іле шала пайда болады дептұжырымдауға мүмкіндік береді. Гипертензия алғашында интермиттей өтіп, жүйелі гипотензивті терапиядан жақсы нәтиже береді. Аурудың дамуына қарай гипертензия тұрақты түрге өтеді, диастолалық қысымы көтеріледі және гипотензивтік, несеп бөлінуін көбейтетін те­рапиядан пайда болмайды. Кейбір науқастар шөліркейтініне, бастың маңдай тұсының ауыратынына шағым айтады, дененің субфебрильді температурасы, полиурия байқалады.

Диагноз қою. Диагностика артериялық гипертензияны анықтаудан, пиелонефритті (кейде жасырын өтетін) табудан және олардың арасындағы этиологиялық байланыстарды анықтаудан тұрады. Осы уақытқа дейін созылмалы пиелонефрит кезіндегі артериялық гипертензияныңбүйрек генезін мүлтіксіз дәлелдейтін тест болмағандықтан, бұл өте қиын міндет болып саналады. Осыған қарамастан, пиелонефриткезіндегі артериялық гипертензияның нефрогендік табиғатының мынадай белгілері бар. Науқастардың көпшілігінен отбасылық гипертониялық анамнез байқалмайды, консервативтік емдеудің нәтижесі жоқ немесе шамалы, науқастардың 30 процентінде гипертензия кенет басталып, тез үдейді, 20 процентінде -көздің түбін зақымдап, қауіпті өтеді. Пиелонефритті ойдағыдай емдегенде артериялық қысымның кемуі пиелонефрит пен гипертензияның байланысы бар екенін көрсетеді.

Артериялық гипертензияны туғызған созылмалы пиелойефритте несептегі натрий мен креатининнің концентрациясы ауру бүйрек жағында кеміген. Мұндай артериялық гипертензияның ренинге тәуелділігін каптоприл үлгісімен дәлелдеуге болады.

Диффренциалдық диагностика. Нефрогенді артериялық гипертензияның паренхималық формасын гипертониялық аурулардан, симптоматикалық артериялық гипертензияның басқа түрлерінен, оның ішінде вазоренальды гипертензиядан ажыратады. Диагностика вазоренальды гипертензия үшін қолданылатын әдістерге сүйенеді.

Емдеу. Егер артериялық гипертензия бір жақты созылмалы пиелонефриттен туса, онда қарама-қарсы бүйректің кызметі бұзылмаған жағдайда нефрэктомия бірден-бір емдеу әдісі болады. Пиелонефрит пен гипертензияның арасындағы этиологиялық байланыстылығын айқын анықтау мүмкін болмаса, онда пиелонефриттің бастапқы сатысында нефрэктомияға тәуекел ету оңай емес. Алайда пиелонефриттің салдарынан бір жақты бүйрек семуіне байланысты артериялық гипертензияның емі — тек қана нефрэктомия. Операциядан кейін науқастардың 60-65 процентінде артериялық қысым тұрақты қалыпқа түседі, оның айтарлықтай кемуі, сондай-ақ гипотензивті препараттардың әсері операция жасалғандардың 20 процентінен байқалады.

Екі жақты созылмалы пиелонефриттен пайда болған артериялық гипертензияны емдеу — осы уақытқа дейін шешілмеген міндет.

Ащы ішектің шарбысы, сегменті және т.с.с. есебінен (энтероваскуляризация) оған перифериялық реваскуляризация жасау жолымен пиелонефриті бар бүйректің жақсартылған қан айналымын түзу айтарлықтай нәтиже бермейді. Ауруы өте асқынған мұндай науқастарға екі жақты нефрэктомия жасау, соңынан бүйректі көшіріп қондыру ұсынылады. Барлық жағдайларда гипотензивті терапияны пиелонефритті емдеумен ұштастыру қажет.

Соңғы жылдары нефрогенді гипертонияны емдеу үшін осы заманғы гипотензивті препараттар — ингибиторлар ангиотензин-өзгертетін ферменттер (АПФ) — энам, каптоприл, инхибейс және т.с.с. кеңінен пайдаланылуда.

Бүйректің басқа ауруларындағы артериялық гипертензия

Несеп-тас аурулары кезіндегі артериялық гипертензияның мынадай себептері болуы мүмкін: 1) пиелонефрит; 2) рефлекторлық механизмдер; 3) несеп пассажының бұзылуы. Несеп пассажын қалыпқа келтіру және пиелонефритті емдеу — гипертензияны жоюда табысқа жетудің кепілдігі.

Бүйректің поликистозы науқастардың 80-90 процентінде артерия­лық гипертензияға ұласады. Оның себебі — бір немесе екі жақты пиелонефрит, сондай-ақ кистаның бүйрек ішіндегі және бүйрек сыртындағы артерия тамырларын сығып, гемодинамиканы бұзуы. Бұл жағдайда опе­рация -бүйрек қақпасындағы ірі кисталарды кесетін игнипунктура гипертензияның патогенездік терапиясы болып саналады.

Гидронефрозда артериялық гипертензия науқастардың 20 процентінен байқалады. Оның дамуында мыналар маңызды рөл атқарады: 1) бүйрек тканінің ишемиясы; 2) несеп жолдарының тарылуы (об­струкция). Несептің пассажын қалыпқа келтіретін пластикалық опера­ция көбіне артериялық гипертензияны жояды. Бір жақты гидронефроздың өте асқынған сатыларында гипертензия нефрэктомияға көрсеткіш болады.

Болжам. Вазоренальды артериялық гипертензиядағыдай, нефрогенді артериялық гипертензияның паренхималық формасында да болжам негізінен дер кезінде қабылданған этиотропты жөне патогенездік дәлелденген емдеуге байланысты. Егер артериялық гипертензияны туғызған бір жақты бүйрек ауруында операциялық әрекет қарама-қарсы бүйректің қан тамырларында өзгерістер дамығанға дейін жүргізілсе, онда болжам айтарлықтай қолайлы болады. Олай болмағанда, артерия­лық гипертензияның өршуінен және бүйрек кызметінің жеткіліксіздігінен болжам нашар болады. Бүйрек екі жақты зақымданғанда болжам қашан да қолайсыз болады.

Источник: ikaz.info


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.