Инфаркт миокарда қазақша


  ■ Требования полупроводникового производства
  ■ Оборудование для присоединения кристалла полупроводникового прибора к корпусу
  ■ Оборудование для термокомпрессии
  ■ Клиновой рабочий инструмент с прямоугольным торцом для термокомпрессии.
  ■ Форма рабочих торцов инструментов для термокомпрессии с подачей проволоки
  ■ Схема устройства для подачи и обрыва проволоки
  ■ Механизм подачи корпусов, манипуляторы предназначены для точного совмещения соединяемых элементов
  ■ Система наблюдения для термокомпрессионных и других микро — сварочных установок
  ■ Повышение производительности оборудования для термокомпрессии
  ■ Установка модели “Eylet-bonder” фирмыG, установка для микросварки давлением с разделенным перемещением проволоки и инструмента модели “Контакт-1A”
 .


nbsp; ■ Схема регулирования, обеспечивающая постоянство напряжения на электродах
  ■ О схемах
  ■ Оптимальная форма торцов сдвоенных электродов
  ■ Установка модели 730
  ■ Оборудование для ультразвуковой сварки
  ■ Форма рабочей части инструмента для ультразвуковой сварки
  ■ Установки модели “Flip-chip” и установка модели 422
  ■ Установки модели 423 фирмы KulickeandSofiaMnf
  ■ Установка для ультразвуковой сварки с импульсным косвенным нагревом
  ■ Оборудование для пайки
  ■ Блок-схема источника питания с автоматическим регулированием процесса пайки
  ■ Установка модели 900 фирмы WeltekDiv
  ■ Станок для пайки сдвоенным электродом фирмы DevelopmentAssoc
  ■ Установки для герметизации
  &#.

“Квант-3”
  ■ Установка модели 1010С2
  ■ Установка модели LW-212, установки модели LWM-1 и установка модели UBL-5001
  ■ Оборудование для сварки электронным лучом

Источник: svyatik.org

1. Миокард инфаркті

Қабылдаған:
Орындаған:
Факультет:
Курс :
Топ:

2. Жоспар:

• Кіріспе.
Миокард инфаркты.
• Негізгі бөлім.
Миокард инфарктының клиникасы.
Экг
• Қорытынды.
• Қолданылған әдебиеттер.

3. Миокард инфаркты

Тәждік қан айналымы қызметінің
жетіспеушілігінен, жүрек
бұлшықеттерінде ыдырау ошағы пайда
болуына ұласады. Миокард инфаркты
көбінесе ер адамдарда, 50 жастан
асқаннан кейін байқалады.
Соңғы уакытта жастарда, көбінесе 3040 жас аралығында ер адамдарда да
кездеседі.

4.

Миокард инфаркті ағымының негізгі кезеңдері.
• Қасқағымды (30 минуттан 2сағ).
• Жіті(7-10күнге дейін ).
• Жітілеу(30 күнге дейін).
• Тыртықтану (8 аптаға дейін)

5.


Коронарлық
артериялардың
атеросклерозынан,
тромбозынан, миокардтың оттегіге сұранысының артуынан
дамитын жүректің ауруы.
Этиологиясы:
1. Коронарлық артериялардың атеросклерозы.
2. Коронарлық артерияларының спазмы.
Қауіпті ықпалдар:
1. Категория (темекі тарту, дислипидемия, артериялық
гипертензия).
2. Категория (қантты диабет, гиподинамия, семіздік,
менопауза және постменопаузалық кезең).
3. Категория
(алкоголь
қабылдау,
стресстер,
гипергомоцистинемия).
4. Категория (еркек жыныс, 40 тан асқан жас,
тұқымқуалаушылық).

6. Миокард инфарктының патогенезі

• Миокард инфаркты- ұзаққа
созылатын ( 20 мин
астам) ишемиядан журек
еті бөліктерінің өліеттенуі.
• Ол коронарлық
артерияның саңылауы
атеросклероздық
түйіндақпен немесе қан
тамырларымен, кейде
эмболмен бітелуінен
дамиды.

7.

Тәж артерияларының
атеросклерозға байланысты
органикалық обструкциясы.
Эндотелиндік
факторларлардың әсері.
Тәжаралық ұрлық
феноменінің пайда болуы.
Атеросклерозға байланысты
тамырлардың өтпелі
динамикалық спазмы.
Артериялардың кеңіге
шамасы келмеуі.
Тромбоциттер агрегациясының
күшеюі.
Миокардтың оттегіге
сұранысының артуы.
Энкефалин мен эндорфиндер
синтезінің бұзылысы.
Коллатеральды қан
ағысының кемістігі.
Миокардқа коронарлы артериялардан қан келуінің нашарлауы,
ишемияланған ошақтардың пайда болуы.
Стенокардия ұстамалары, МИ, ЖИА, жедел
коронарлық синдромның дамуы.

8.


Негізгі клиникалық көрінісі: төс
артының қысып, ашып ауыруы.
Ауырсыну сол иыққа, сол жауырын
астына, білекке, қол ұшына, алақан
бетіне таралады.
Ангинальдық синдромның ерекшілігі:
ұстама
кезінде
вегетаивтік,
эмоциялық құбылыстардың болуы,
үрейлену, өлімнен қорқу, терінің
бозаруы, тахикардия, ентігу, аритмия,
маңдайдан тер шығуы.
Кеуде қуысында жағымсыз сезімдер,
сол қолдың кейде “ұюы”.

9. Миокард инфаркты дамуынның 6 сатысы

1 ші сатысы атеросклероздық
түйіндақтардың ұлғайып кетуі
сатысында холестерин,
липопротеидтер коронарлық
артерияның ішкі қабатына көптеп
сіңбеленеді.
Содан түйіндақтың көлемі ұлғаяды,
онда дәнекер тіндердің қатты өсуі,
кальцийдің жиналуынан тамырдың
саңылауы қатты тарылады;

10.

2 ші
атеросклерозға
ұшыраған тамыр
қабырғасының
бөлігі сатысында
жүйкелікэндокриндік,
паракриндік және
механикалық
ықпалдарға тамыр
қабырғасы қатты
спазм дамуымен
жауап қайтарады;
3ші атероматоздық
түйіндақтар аумағында
тамыр қабырғасының
жыртылуы немесе
бүлінуі сатысы.
Түйіндақ көлемі тым
ұлғаюдан, артерияның
қатты жиырылуы
нәтижесінде түйіндақтар
аумағында эндотелий
жасушаларының
бұзылыстарынан, тамыр
қабырғасын
қоректендіретін майда
тамырларың
жыртылуынан дамиды.


11. 4 ші тромбоз сатысы эндотелий жасушаларының бүліністерінен дамиды. Бұл кезде эндотелий астындағы фиборонектин, коллаген және виллебранд ф

4 ші тромбоз сатысы эндотелий
жасушаларының бүліністерінен дамиды. Бұл
кезде эндотелий астындағы фиборонектин,
коллаген және виллебранд факторы босап
тромбоциттердің белсенділігі көтеріледі. Осыдан
тромбоциттердің адгезиясы мен агрегациясы
тромб құрылуына бастама болады.
Тромб құрылуы коронарлық артерияның
саңылауын толыгымен бітеп қалуы мумкін

12.

5 ші тромб өздігінен еру сатысында тромб
құрылуы аяқталғаннан кейін плазминогеннің
тіндік әсерлендіргіші плазминогенді плазминге
айналдырып фибрин талшықтарын ерітеді.
Корнарлық артерия саңылауының тромбпен
жартылай бітелуі жиі тұрақты емес
стенокардияның көріністеріне әкеледі. Ол
толығынан бітелгенде миокард инфаркты
дамиды.

13.

6шы қайта тромб құрылу , қан қатпасының
тамырдың бойымен ұлғаюы және тромбоэмболия
сатысында тромб құрылу қарқыны мен тромбтың
өздігінен еруінің арасында қатты ауытқулар болады.
Егер тромб құрылу оның еруінен басым болса, онда
тромбтың көлемі ұлғайып тамырдың бойымен ұзарады.
50 пайыз тамырдың тез бітелуі болып миокард
инфаркты дамиды.
Бұндай науқастарда миокард инфарктының барлық
әйгіленімдері кенеттен пайда болмай, стенокардия
ұстамаларының дамуы жиілейді.

14. Миокард инфарктының 6 шы сатысының экг көрінісі


• QS өркеші немесе кеңейген және
терең Q өркеші, ишемияға тән T
өркеші пайда болады, S-T аралығы
изолиниядан жоғары немесе төмен
ығысады.

15. Миокард инфаркты:

• трансмуралдықжүректің барлық қабаты
бүлінген
• Интрамуралдықмиокардтың іші бүлінген
• Субэндокардтықэндокард асты бүлінген
• Субэпикардтық- эпикард
асты бүлінген
• Миокард инфарктында
коронарлық
артериялардың қатты
жиырылуынан немесе
бүліну ошағында
биологиялық белсенді
заттардың жиналып
қалуынан қатты ауыру
сезімі болады, ол қатты
қобалжу, қорқу сезімімен
қабаттасады.ауыру сезімі
солжақ қолға, жауырынға,
иыққа, астыңғы жаққа,
тіске берілуі мүмкін

16. Миокард инфаркты көріністері

Миокард инфарктынан
30-40 пайыз науқас жан
тапсырады. Одан сауығу
кезінде миокардтың
ишемиясы мен
инфаркты қайталануы
мүмкін, жүрек
аритмиялары пайда
болуына және
науқастың аяқ астынан
жан тапсыруына қауіп
төнеді.
миокардтың
насостық қызметі
төмендеуімен
журек аумағында
қатты ауыру сезімі
болуымен
қан ұюының қатты
артуымен

17. Экг көрінісі


• Коронарлық
қанайналымы
бұзылғаннан кейін тіпті
бірінші минуттардың
ішінде ЭКГ-де Q
өркешінің тереңдеуі, ST
аралығының қалыпты
орнынан ығысуы,QRS
кешені мен T өркешінің
өзгерістері пайда
болады.

18.

T өркештерінің өзгерістеріне қарай
миокард инфарктының сатыларын
ажыратуға болады. Мәселен, 2ші
сатысында инфарктың жіті сатысында Т
өркеші R өркешінің төбесіне қарай
қатты көтеріледі, ST аралығы бірігіп,
мысықтың жотасына ұқсап
доғалданады.осылай оның өзгеруін
Парди сызығы дейді.
Жітілеу және тыртықтану сатыларында
ол изолинияға көтеріледі, бірақ оған
жетпейді. Дерттік Q өркеші мен
шамалы теріс T өркешінің бірнеше күн
өзгермей болуы тыртық қалыптасуын
көрсетеді.

20.

• миокард инфарктынан кейін жүректің
ишемиялық ауруының асқынуы ретінде
инфарктан кейінгі кардиосклероз дамиды.
• миокард инфарктының жіті кезеңінде
ишемияның әсерінен қосымша әдеттен тыс қозу
ошақтары пайда болады, олар экстрасистолия,
ұстамалы тахикардия дамуына әкеледі.
• миокард инфаркты нәтижесінде кардиогендік
сілейме мен өкпе ісінуі дамуына қауіп төнеді.
• миокард инфаркты кезінде жүрек шығарымы
мен соққылық көлемі азаяды, журек
қуыстарында дистола соңындағы қан көлемі
көбейеді.

21. Жедел жәрдем.


Тыныштық күйді сақтау.
Оттегі беру.
Нитроглицерин таб тіл астына қою.
Антикоагулянттар.
Коагуляциялық қарсы гепаринді енгізу.
Ауруханаға жеткізу.

22. Миокард инфарктын емдеу негіздері

• Коронарлық артериямен жүрекке қан жеткізілуін
қалпына келтіруге,жүрек аритмияларын және
қатты ауырсынуды басуға бағытталуы қажет.
• Емдеуде фибринолиздік дәрілер
пайдаланылады.30мин астам созылған жүрек
ишемиясы кезінде тағайындау қажет. ЭКГ да S-T
аралығы ең кемінде екі тіркелімде изолиниядан
жоғары көтерілуі немесе инфаркт солжақ
қарыншаның артқы қабырғасында болғанда бұл
аралықтың изолиниядан төмен ығысуы
тромболиздік дәрілерде қолдануға негіз береді.

23.

Фибринолиздік емді қолдануға
болмайды:
инфаркт даму алдында кез келген ағза
мен мүшенің қанауы болғанда
екі апта бұрын хирургиялық операция
жасалғанда
артерия қысымы 200/120 мм жоғары
болғанда
ми қанайналымы бұзылыстарында
ұзақ реанимациядан кейін
қолқа тамырының сыдырылатын
аневризмасы кезінде

24.

бета-1-адреномиметиктер:
миокардтың жиырылу күшін әлдендіретін
дәрілер;
жүрек алдылық және соңылық жүктемелерге
әсер етпей, солжақ қарыншаның соққылық
көлемін ұлғайтады
жүрек жиырылу жиілігі мен күшін ұлғайту
арқылы оның оттегіге мұқтаждығын
арттырады.
жүрек ырғагы бұзылыстарына әкелуі мүмкін.
Допамин, добутамин, допексамин

25. Қолданылған әдебиеттер.


Қ.М. Турланов Жедел иедициналық
жәрдем.
Интернет http://www.google.ru/
Б. Калимурзина. Ішкі аурулар. 1 том.

Источник: ppt-online.org

Бүгінгі таңда миокард инфарктісі кең тарап отыр және осы ауру көп адамның кенеттен өліп кетуінің себепкеріне айналып барады. Инфаркт проблемасы әлі толық шешілген жоқ және бұл аурудан өліп кетушілердің саны барған сайын өсіп отыр.

Бұл ауру 35 пен 50 жас аралығындағы әйелдерге қарағанда ер адамдарда көбірек кездеседі.

Инфаркт алдындағы синдромның үш варианты болады: 1). алғаш рет тап болатын стенокардия. Бұл жүрек ауруының тез өтетін түрі және жиі кездеседі, 2). стенокардияның тыныштау өтетін түрі, 3). жүректің ауыр түрде ұстауы (приступ), ауа жетіспеуі. Жүрек ұстамалысының төртінші түрін дәрігерлер «стенокардия принцметалла» деп те атайды.

миокард инфарктісі

Миокард инфаркті- мүгедектікке және өлімге алып келетін себептердін бірі болып табылады. Миокард инфаркті ауруының-соңғы жылдары өршуі байқалуда, әсіресе жас және орта жас буындарда кездеседі.

Миокард инфаркты дегеніміз – коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің әсерінен жүрек бұлшық етінде бір немесе бірнеше ишемиялық некроз ошақтарының пайда болуымен сипатталатын жүректің жедел ишемиялық ауруы.

Миокард инфарктісінің туындау себептері


  • шамадан тыс тамақтану;
  • тамақ рационының дұрыс болмауы;
  • қимыл – қозғалыстың жеткіліксіз мөлшерде  болуы;
  • гипертоникалық аурулар;
  • жағымсыз әдеттер: темекі тарту, шылым шегу;

Этиологиясы

  • Коронарлы артериялардың обтурациясы
  • Коронарлы артериялардың атеросклерозы (тромбоз, бляшкалармен бітелуі) 93-98 %
  • Хирургиялық обтурация (ангиопластика)
  • Коронарлы артериялардың эмболизациясы (майлы  эмболия т. б.)
  • Коронарлы артериялардың спазмы

Миокард инфарктісінің жіктелуі

Жүрек бұлшық етінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:

  • трансмуральды- Q-тісшесі Миокард инфаркті) (патологиялық — Q-тісшесі не QS комплексінің пайда болуы- некроз ошақтары 2-немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (Миокард инфаркті-ірі ошақтары).
  • Q-тісшесіз Миокард инфаркті-некрозы ошақтар тек сол қарыншаның субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді. (Q-тісшесіз Миокард инфаркті-ұсақ ошақты миокард инфаркті деп аталып келді)

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

  • біріншілік — анамнезде миокард инфарктімен бұрын ауырмағанған және аспапты тексерулерде миокард инфаркті белгілерінің болмауымен анықталады.
  • қайталамалы — науқаста бұрын миокард инфарктімен ауырғаны туралы құжаттық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен анықталады.
  • рецедивті — клиника-зертханалық және аспапты зерттеу белгілердің, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен және оның негізгі үдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

Даму cатысы бойынша:

  • Аса жедел ( Ми басталғаннан 2-6 сағат )
  • Жедел кезеңі ( МИ басталғаннан 10 күн)
  • Жеделдеу кезеңі (10-ші тәуліктен 4-8 аптаға дейін)
  • Тыртықтану кезеңі (4-8 аптадан 6 айға дейін)

Зақымдалудың анатомиясы бойынша:

  • Трансмуральды
  • Интрамуральды
  • Субэндокардиальды
  • Субэпикардиальды

Қауіп факторлары

  1. Коронарлы артерияларда тұрақсыз атеросклерозды бляшкалардың болуы
  2. Науқаста шумақшалардың зақымдануымен жүретін бүйректің созылмалы ауыруының болуы. Бұндай науқастарда ауыр екіншілік АҚҚ болады. АҚҚ тұрақты жоғарлауы негізінде сол жақ қарыншаның жүрек бұлшықетінің қалыңдауы (гипертрофия) және созылуы (дилятация) болады.
  3. Науқастың ата-анасында алпыс жасқа дейін жүрек ұстамаларының пайда болуы, жас кезде миокард инфарктісінің дамуының бірден бір факторы

Миокард инфарктісінің атипиялық түрлері

  1. Инфаркт миокардісінің гастриттік түрі – гастриттің шаншу белгілерімен сипатталатын түрі. Айқын ауру сезімімен көрініс береді. Бұл кезде сол қарыншаның миокардының төменгі бөліктері зақымдалады, диафрагмаға бекіген бөлігі.
  2. Инфаркт миокардының демікпелі түрі – бронхиалды демікпе белгілеріне өте ұқсас келеді. Құрғақ жөтелмен, кеудеде дискомфорт белгілермен сипатталады.
  3. Инфаркт миокардының ауыру сезімінсіз түрі – ұйқының бұзылуымен,  көңіл-күйдің бұзылуымен,  көп  мөлшерде тер бөлінуімен көрініс береді.

Патоморфологиясы

Инфаркт  ошақтары  ақшыл сары, көкшіл қоңыр, немесе жасылсарытүрінде  көрініп, олардың жиектерінде қызыл түстегі  қан құйылу ошақтары табылады.  Оны қызыл жиекті ақ инфаркт дейді. Инфарктқа ұшыраған ет талшқтары, аралық тін, қан тамырлары лейкоцит ферменттері  әсерінде түгел өледі.

Жай микроскоппен қарағанда инфарктың бірінші сағаттарында, микроциркуляция арнасындағы майда қан тамырларының өз тонустарын жоғалтып кеңейіп кеткендігін, капиллярлардағы қанның іркілу және іркілу алдындағы жағдайын, қан құйылу ошақтарын көреміз.

Миокард инфарктінің клиникалық көрінісі

Күш түсумен байланыстыратын, нитраттарға басылмайтын, бір сағатқа созылатын төстің артындағы қатты күйдіріп, қысып, батып, тырнап ауырсыну. Көбінесе сол жақ иық, жауырын асты, қолға берілетін интенсивті ауырсыну. Суық жабысқақ термен жүреді. Жиі  қорқыныш сезімі, әлсіздік, ентігу қосылады

Миокард инфарктісінің негізгі ЭКГ белгілері:

  1. Патологиялық  Q  тісшесі ( 0.03 сек кең)
  2. AVR  және V1 тіркемелерінен басқаларында  QS  комплексі ( трансмуралды МИ)
  3. ST дискорданттылығы
  4. +_ T
  5. Терең Т ( клиникасымен бірге сәйкестендіру)
  6. Тыртықтану кезеңінде ST сегментінің, Т қалыптасуы, терең Q  тісшесі ұзақ сақталады.
  7. Субэпикардиалды  МИ ST сегменті мен Т тісшесі изосызықтан жоғары
  8. Субэндокардиалды  МИ ST сегменті мен Т тісшесі  изосызықтан төмен

Диагностикасы

Ерте:

  • Электрокардиография
  • Эхокардиография
  • Кардиотропты белоктарды анықтау (МВ-КФК, АсАТ, ЛДГ1, тропонин)

Кейінге қалтырылған:

  • Коронография
  • Миокардтың  сцинтографиясы

Ауруханаға дейінгі кезде көрсетілетін көмек:

  1. Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0,25-0,35 г аспирин ішкізу
  2. Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу
  3. Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.
  4. Жедел жүрек шамасыздығын жою
  5. Кардиогенді шоктан шығарып алу
  6. Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу
  7. Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу

Ауруханалық этапта жүргізілнтін шаралар:

  1. Ауырсынуды жою. а)нитроглицерин б) нейролептоанальгезия (фентанил, таламанол)
  2. Оксигенотерапия
  3. Тоқтаған қан ағымын қайта жүргізу және тромбтың әрі қарай ұлғаюына немесе жаңадан түзілуіне жол бермеу.
    а) тромболизистік ем; б) антикоагулянттық ем; в) антиагреганнтар
  4. Өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алу
    (ß-адреноблокаторлар, метапролол)
  5. Реваскуляризацияны ерте қалыптастыру және некроз көлемін шектеу. (каптоприл, эналаприл)
  6. Метаболиктік кардиопротекторлармен емдеу (глюкоза,неотон, милдранат, гиполипидемиялық кардиопротекторлар)

 

Миокард инфаркті -асқынулары

Ерте:

  • Жедел жүрек жетіспеушілігі
  • Кардиогенді шок
  • Ырғақ  және өткізгіштік бұзылысы
  • Тромбоэмболиялық асқыну
  • Перикардит
  • Жүрек тампонадасының дамуымен миокардтың  жыртылуы

Кеш:

  • Постинфарктты синдром (синдром Дресслера)
  •  Тромбоэмболиялық асқыну
  • Созылмалы  жүрек жетіспеушілігі
  • Жүрек аневризмасы

Миокард инфарктісінің болжамы: өмір сүруге қолайсыз, еңбекке қабілеттілікті төмендетіп СЖЖ-не әкеледі.

Миокард инфарктісін алдын алу

  • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет;
  • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау;
  • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту- тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану;
  • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану;
  • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану;
  • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану;
  • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру;

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.

Источник: kazmedic.org

Жіті коронарлы қан айналымының жетіспеушілігінің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшық етінің ишемиялық некрозы.

Миокард инфаркті- мүгедектікке және өлімге алып келетін себептердін бірі болып табылады.

Миокард инфаркті ауруының-соңғы жылдары өршуі байқалуда, әсіресе жас және орта жас буындарда кездеседі.

Миокард инфаркті-ауруханалық өлімшілдігі төмендегенімен, бұл аурудан осы уақытқа дейін жалпы өлімділік жоғары болып отыр. Өлімділік жағдайдың көбісі ауруханаға дейін орын алады.

ЖІКТЕМЕСІ;

1) Жүрек бұлшық етінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы:

а) трансмуральды- Q-тісшесі Миокард инфаркті) (патологиялық — Q-тісшесі не QS комплексінің пайда болуы- некроз ошақтары

2-немесе оданда көп сол қарыншалық сегменттеріне таралуы (Миокард инфаркті-ірі ошақтары).

б) Q-тісшесіз Миокард инфаркті-некрозы ошақтар тек сол қарыншаның субэндокардиальды немесе интрамуральды бөліктерін және QRS комплексінің патологиялық өзгерістерімен жүреді. (Q-тісшесіз Миокард инфаркті-ұсақ ошақты миокард инфаркті деп аталып келді)

2)Аурудың ағымына қарай сипаттамасы:

а) біріншілік — анамнезде миокард инфарктімен бұрын ауырмағанған және аспапты тексерулерде миокард инфаркті белгілерінің болмауымен анықталады.

б) қайталамалы — науқаста бұрын миокард инфарктімен ауырғаны туралы құжаттық мәлімет болса және айқын жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен анықталады.

в) рецедивті — клиника-зертханалық және аспапты зерттеу белгілердің, миокард инфаркті дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен және оның негізгі үдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

3) Миокард инфаркті орналасуы бойынша

— алдыңғы септальды (алдыңғырақ)

— алдыңғы ұшы

— алдыңғы бүйіршік

— алдыңғы базальды (жоғары алды)

— алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық және бүйірлік)

— артқы дифрагмальды (төменгі)

— артқы бүйірлік

— артқы базальды

— артқы жайылмалы

— оң қарыншалық миокард инфаркті

4) Ауру сатысының ағымына қарай:

— қасқағым кезең- миокард инфаркті дамығаннан 2 сағатқа дейін.

— жіті кезең- миокард инфаркті дамығаннан 10 күнге дейін

— жітілеу кезең- 10 күннен бастап 4-8 аптаның соңына дейін

— инфаркттан кейінгі кезең 4-8 апдатан кейін.

5) Миокард инфаркті -асқынулары

— жіті сол қарыншалық жетіспеушілік (өкпе ісінуі)

— кардиогенді шок

— қарыншалық және қарыншалық үстілік ритмнің бұзылуы

— өткізгіштің бұзылуы (СА-блокадасы, АВ-блокадасы, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы)

— жедел СҚ-аневризмасы

— миокардтың ішкі және сыртқы жыртылуы, томпанадасы.)

— асептикалық перикардит

— тромбоэмболиялары.

Диагностикалық критерилер бойынша:

Күтпеген жерден, көбіне таңертеңгілік сағаттарда (ұзақтығы бірнеше сағат болуы мүмкін).

Шағым 90-95 пайыз ауру сезімі- «қанжар сұққан тәріздес», жұлып жыртылғандай, күйдіргендей толқынды түрде дамып, бірыңғай төмендейді, бірақ толығымен жойылмайды, көбінесе кеуде артында, сол жақ кеуде қуысының тереңдеген бөлігінде сол жақ жауырынға, иыққа, қол қырына саусаққа иррадиацияланады.

Миокард инфаркті — нитроглицеринді сублингвальды қайталамалы қабылдағанда, ангиозды ауру сезімі басылмайды,

Ангиозды ауру синдромының даму ерекшелігі оның ауру ағымына, орналасуына және науқастың жасына байланысты.

Жас науқастарда 90 пайыз жағдайда ангиозды статус айқын көрінеді. Егде жастағы науқастарда 65 пайызы көбіне кеуде артындағы ауру сезім, Миокард инфарктінің жіті кезеңінде 25 пайыз- жағдайда мүлдем болмай, ауыр түрде өтеді.

Миокард инфаркті — басталуының басқада белгілі түрлері:

— демікпелік

— абдминальды

— аритмиялық

— церебровоскулярлық

— симптомсыз

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Лабораторлы- экспресс тест көмегімен Т- тропининін анықтау.

Кардиомиоциттер некрозына көбіне спецификалық маркерлер және сезімтал болып J және T тропининдерінің контцентрациялық жоғарлауы болып табылады. Қалыпты жағдайда кардиоспецификалық тропининдер қанда анықталмайды немесе олардың концентрациясы минимальды белгілерден аспайды. Кардиомиоциттердің некрозы салыстырмалы түрде J және Т тропининдерінің концентрациясы тез және айқын жоғарлауымен жүреді. Ангиозды ұстамадан кейін тропининдер деңгейінің жоғары шекарадан 2-6 сағаттан кейін жоғарлауы және жоғарғы деңгейде инфаркт басталғаннан 1-2 апта бойы анықталып тұрады.

— инструментальды зеттеу-электрокардиограмма жүрек бұлшықетіндегі некроз ошақтарын, оның тереңділігін және орналасуын, инфаркталды аймақ жағдайын, үрдіс динамикасын анықтауға мүмкіндік береді. ЭКГ әкетулерде некроз аймағында орналасқан активтті электрод, патологиялық Q-тісшесінің биіктігінің төмендеуі не оның толық жойылуы.

Медициналық көмек көрсету тактикасы:

Ауру сезімін басу үшін (айқын ауру сезімге, жалпы жағдайына, жасына байланысты) морфин 10 мг 2-4 мг бөліп көк тамырға енгізу (тыныс жиілігінің 1 минутына 10-12 рет төмендеуі, қарашықтың тарылуы, АҚ төмендеуі) Фентанил күшті тез ауру сезімін басатын белсенділігі ұзақ әсер етпейтін, парасимпатикалық тонусты көтеретін, жүрек жиырылу қабілетін аздап төмендететін, тынысты тежеу мүмкіндігі бар, бронхоспазммен брадикардияға алып келетін қасиетке ие препарат.

Нейролептоанальгезия жүргізу үшін наркотикалық анальгетиктерді нейролептиктермен бірге қолданады.

— Дроперидол- ес-түсі сақталған жағдайда, әртүрлі тітіркеніштерге жауап бермейтін, нейролепсия жағдайын шақыратын препарат, сонымен қоса дроперидол АВ өткізгіштікті баяулатып, құсуға қарсы әсер көрсетіледі жәнеде дроперидол мөлшері артериалық қан денгейіне байланысты тағайындалады. Систоникалық қысым 100-110 мм.сн.б. кезінде-2,5 мг. 120-160 мм.сн.б.-5 мг., 160-180 мм.сн.б.-10 мг.-ға дейін.

— Коронарлық қан айналымды жақсарту үшін Динитратизосорбит инфузиясын 10 мг артериалық қан қысымын бақылай отырып, көк тамырыға баяу тамшылату.

— Қарсы көрсеткіштері болмаса, Атенололды ішке 50-100 мг.береді.

— Коронарлы қан айналымды қалпына келтіру үшін:

а) стрептокиназа 30 минуттан соң 30 мг преднизалоннан кейін 1500000 МБ көк тамырға тамшылатып;

б) актилиз, альтеплаз, плазминогеннің тіндік активаторы: 90 минут ішінде 3 этапта-15 мг.-нан көк тамырға болюсті, 30 минут ішінде 50 мг. көк тамырға тамшылатып және 60 минут ішінде 35 мг. көк тамырға тамшылатып, бір уақытта гепатин тағайындау керек. Дозасы 5000 МБ көк тамырға болюсті және асперин дозасы 160-300 мг ішке беріледі.

Ем тиімділігінің индикаторлары :

— ауру сезімді жою.

— ентікпені жою.

— артериалық қан қысыммен жүрек ритмін тұрақтандыру.

ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕМ:

2007-2008 жылдары жіті миокард инфарктімен түскен 3 науқастың жағдайы жоғарыдағы көрсетілген тактика бойынша жүргізілген жағдайда емнің тиімділік индикаторы толығымен қалпына келді.

ҚОРТЫНДЫ:

Қазіргі зерттеу нәтижелерімен емдеу әдістерін дұрысынан пайдаланып, өз уақытында науқастарға сапалы көмек берілсе, науқастың ауруханада жату ұзақтығы азаяды, яғни ауруханалық шығын кемиді.

Источник: zhardem.kz

Миокард инфаркты (МИ) ишемия салдарынан пайда болатын жүрек бұлшық еттің өлі еттенуі. Бұл сырқаттың әлеуметтік маңызы арта түсуде, себебі ол адамды ең белсенді кезеңінде зақымдап, ерте мүгедек қылады. Соңғы жылдары МИ – мен ауырғандар саны жас адамдар арасында көбейіп келеді.

Этиологиясы мен патогенезі. Миокард инфарктысымен ауырғандардың 97 – 98 % — те жүрек тамырларының атеросклерозы табылады. Соның салдарынан жүрек тамырларының біртіндеп бітелуі, жүрек қан айналымын нашарлатып, миокардтың бір бөлігінің ишемиясына, кейінірек өлі еттенуіне әкеліп соқтырады. Кейбір жағдайларда жүрек артерияларының атеросклерозды тарылуына олардың тромбозы немесе түйілуі қосылуы мүмкін. Кейде жүрек артериялары өзгермеген жағдайда да миокардтағы некроз олардың түйілуі салдарынан болады. Кейде жоғарыда аталған барлық мәнбірлердің қабаттасуы байқалады. Миокард некрозы кезіңде пайда болған тотықпаған зат алмасу қалдықтары жүйке талшықтарын тітіркендіріп, жүректің өте қатты ауырсынуына әкеліп соқтырады.

Жіктемесі. Пайда болған жеріне қарай оң қарынша, сол қарынша инфарктысы; көлеміне қарай ұсақ, ірі, трасмуралдық; орналасқан жеріне байланысты алдыңғы, артқы, шекарадағы бетте; тереңдігіне байланысты беткей, терең түрлері кездеседі. Клиникалық бейнесіне байланысты кәдімгі – ауырсынулы, астматикалық, абдоминалдық, аритмиялық, ауырсынусыз, диспепсиялық, коллапстік, шеттік, церебралдық түрлері болады. Миокард инфарктысының даму кезеңдері: инфаркталды, аса өткір, өткір, өткірлеу, инфарктан кейін.

Клиникалық бейнесі.Миокард инфарктысының негізгі клиникалық белгісі ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұқсас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Кейде кеуденің бүкіл алдыңғы жағы ауыруы мүмкін. Миокард инфарктысының кәдімгі ағымында ауыру әдетте сол қол, иық, жауырын кейде екі қолға да, жақ сүйегіне таралады. Ауырсынудың түрлері әртүрлі: басып, сыздап, кесіп жатқандай, ашып ауырады. Ол нитроглицерин және басқа тамыр кеңейтетін дәрілердің әсерінен басылмайды, наркоз, наркотиктердің көмегін қажет етеді. Ауырудың ұзақтығы 1 – 2 сағаттан бірнеше тәулікке дейін жетуі мүмкін. Кейде оған әлсіздік, бас айналу, құсу, қатты бас ауыру, естен тану, сондай – ақ есенгіреу сияқты ми жұмысының бұзылу белгілері қосылады. Ал кейде диспепсиялық синдром белгілері: жүрек айну, құсу, іш кету, іштің кебуі қосарланады. Қараған кезде науқастың өңі сұрғылт, еріні көгерген, қатты терлеу байқалады. Сырқат ұстамасы кезіңде қан қысымы көтеріледі, бірақ кейінірек біртіндеп төмендей бастайды. Миокард инфарктысының бірінші тәулігі бойында әдетте тахикардия және әртүрлі ырғақ бұзылуылары байқалады. Бірінші және екінші тәулікте дене қызуының 37 –380 С дейін көтерілуі, жүрек бұлшық етінде некрозды аймақтың қабынуына байланысты. Дене қызуының көтерілуі және ұзақтығы некроз аймағының аумағына, оның асқынуларына байланысты. МИ – аурулардың 30% -де қалыпсыз ағымда білінеді

Астматикалық (түншығу) түрі.Миокард инфарктысының бұл түрінде ауырсыну синдромын сол қарыншаның жедел шамасыздығының белгілері басып кетеді. Бұл түрі атеросклероздық кардиосклероз бар, гипертония ауруымен ұзақ ауыратын және егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Астматикалық түрі ауыр ағыммен өтіп, ауырғандардың 40 — 60% — і қайтыс болады. Науқас ентігеді, тынысы тарылады. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі.

Абдоминалдық (іш) түрі.Миокард инфарктысының бұл клиникалық түрінде ауырсыну эпигастрий маңайынан басталып, төстің астына тарайды. Оған қоса жүрек айну, құсу, іш кеуіп, кеңейіп бара жатқандай сезім, асқазан, ішек шала салы қосылады. Кейіннен гемодинамика бұзылыстар байқалады. Миокард инфарктысының абдоминалдық түрін тағамдық улы жұқпадан, асқазан жарасының тесілуінен, панкреатиттен ажырата білу керек. Кейде жедел миокард инфарктысы мен жедел панкреатиттің қабаттасуы кездеседі.

Аритмиялық түрі.Миокард инфарктысының бұл түріне өмірге қауіпті жүрек ырғағының жедел бұзылулары тән. Оларға ерте қарыншалық экстрасистолия, қарыншалық тахикардия, қарыншалар бұлшық ет жыпылықтауы, сонымен қоса жыбырлы аритмия және жүрек өткізгіштігінің бұзылуы жатады. Олардың ең қауіптісі қарынша бұлшық ет жыпылықтауы. Ұзаққа созылған аритмия сол қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен немесе кардиогенді шокпен аяқталуы мүмкін.

Диспепсиялық түрі. Миокард инфарктысының бұл түрі улануға сәйкес диспепсиялық белгілерімен сипатталынады, яғни, пациент басында лоқсу, құсу, іштің өтуіне шағымданады. Гемодинамика бұзылыстар кейіннен байқалады.

Коллапстық түрі. Жедел тамыр шамасыздығынан қан қысым күрт төмендейді. Науқас бозарады, суық тер шығады, ентігеді, жүрегі жиі соғады. Тамыр соғысы әлсіз, жіп тәрізді.

Шеттік түрі. Инфарктың бұл түрінде ауырсыну иықта, жақта, мойында, бақайда сезіледі. Диагноз ЭКГ арқылы анықталынады.

Церебральдік (ми) түрі.Миокард инфарктысының жедел кезеңінде ми қан айналымының бұзылуына тікелей байланысты. Ол ми ишемиясы салдарына пайда болатын жүрек айну, бас айналу, естен тану сияқты жалпы белгілермен мидың ошақты зақымдалуы белгілерімен білінеді. Әдетте бұл уақытша өзгерістер. Миокард инфарктысының жедел кезеңі өткеннен кейін қалпына келеді.

Жасырын түрі.Миокард инфарктысының клиникасы білінбей, ойламаған жерде ЭКГ арқылы табылады. Бұл түрі науқас ем алмай, төсек тартпаған салдарынан кейде қолайсыз аяқталады.

Миокард инфарктының клиникасы өлі еттенудің көлеміне байланысты сипатталады. Трансмуральды инфаркте ауырсыну өте қатты; кардиогенді шок, жүрек ырғағының бұзылыстары, жүрек жеткіліксіздігі жиі кездеседі. Инфарктың ауыр кезеңінде лейкоцитоз айқын білінеді. Әдетте лейкоцитоздің ұзақтығы 3 – 5 тәулік. Лейкоцитоз төмендеген сайын, ЭТЖ жоғарылайды. Ол жоғары деңгейіне екі аптада жетіп, 1 – 1,5 ай сақталады. Бірақ лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы миокард инфарктімен ауырғандардың бәрінде кездесе бермейді. Қазіргі уақытта одан маңыздырақ әдіс қан сары су ферменттерінің белсенділігін анықтау қолданылады. Әдетті түрде АЛАТ, АСАТ көрсеткіштері көбейеді. Электрокардиография миокард инфарктісі дерт анықтамасының негізгі әдісі болып табылады. Оның көмегімен инфарктің орналасқан жерін, тереңдігін, көлемін, кезеңін анықтауға болады. Миокард инфарктының кезеңін SТ сегменті арқылы анықтайды — SТ сегменттінің көтерілуі сырқаттың жедел кезеңіне, ал төмен түсіп кетуі жеделдеу кезеңіне тән. Миокард инфарктысының электрокардиограммасын ажырату қиынға түскен жағдайда векторкардиограмманың маңызы зор.

Асқынулары.Миокард инфарктының ағымында кездесетін асқынулар көбіне алғашқы 7 – 10 күнде пайда болады. Олардың ең қауіптісі кардиогенді шок, өкпе ісінуі, жүректің аневризмасы, жүректің жыртылысы және жүрек жұмысының ырғақтығының бұзылуы.

Кардиогенді шок. Кардиогенді шок негізіңде сол қарыншаның жиырылғыштық қызметінің бұзылуы жатады. Жүректің минуттық көлемі азаяды, қан қысымы төмендейді. Бұның салдарынан қан айналымы нашарлап, ағзалармен тіндердің гипоксиясына себепкер болады, шок дамиды. Шоктың негізгі белгілері: шеткергі белгілерге жатады – терінің бозаруы, көгеру, жабысқақ суық тер, аяқ – қолдың мұздауы, әлсіреу; басты белгілеріне – қан қысымының күрт төмендеуі, тамыр соғуының әлсізденіп, білінбеуі жатады. Сонымен қатар кардиогенді шоктың көпшілігінде ауырсыну синдромы және бүйрек жеткілісіздігі салдарынан олигурия, азотемия байқалуы мүмкін.

Өкпе ісінуі. Миокард инфарктісінің жедел кезеңінде кездесетін асқыну. Жүрек бұлшық етінің әлсізденуінен қан айналымы бұзылып, өкпе капиллярларында қан тоқырап, сары судың альвеоларда іркілуі, сол қарыншаның жиырылу қабілетінің күрт төмендеп, оң қарыншаның бұл қызметінің өзгермеуіне байланысты.Көгеру, өкпеде әртүрлі көпіршікті ылғалды сырыл пайда болып, науқастың тынысы тарылып, жиі – жиі бұрқылдата дем алады. Ауызынан қызғылт көбікті көпіршік ағады. Бұл жағдайды жүрек демікпесі деп атайды.

 

Инфаркт миокарда қазақша

19 сурет.Миокард инфарктісінде ЭКГ- дегі өзгерістер

А — ишемиялық (гипоксия ) кезең: ST- сегменті күрт көтерілген Б — өткір кезең:

Q — тісі кең және терең; В — жеделдеу кезең: Т- тісінің қалыпсыз және терең байқалуы

Г – қатаю кезең: паталогиялық Q — тісі сақталынған, Т- тісі кішірейген

 

Жүрек ырғағының бұзылуы. Миокард инфарктісінде жиі кездесетін асқыну болып табылады. Ол көбнесе миокард инфарктісінің алғашқы сағаттарында кездеседі. Бұлардың ең қауіптілері қарыншалық экстрасистолалар және қарыншалық ұстамалы (пароксизмді) тахикардия.

Миокард инфарктының ең қауіпті асқынуы – жүрек бүлшық етінің жарылуы. Жүректен атқылаған қан перикард қуысын толтырып, науқас жүрек тампонадасынан қайтыс болады.

Миокард инфарктысынан кейінгі синдром. (Дресслер синдромы). Бұл синдром перикардит, плеврит, пневмонит үштігімен сипатталынады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, жүрек маңайы ауырсынып, дем алуы қиындайды. Перикардтың қабынуынан үйкеліс шуылы пайда болады. Осы белгілерге қосымша полиартрит, иық периартриті қосылуы мүмкін.

Емі. Біріншіден науқасқа жедел көмек көрсету, оның құрамына жансыздандыру шараларын өткізу, ауырсыну синдромын басу, өмірге қауіпті жүрек ырғағының бұзылыстарын тоқтату және науқасты дұрыс тасымалдау, тез ауруханаға жеткізу болып табылады. Науқасты ауруханаға жеткізгенше дейінгі көрсетілетін көмекке жатады: толық физикалық, психикалық тыныштықты сақтау, науқас қимыл қозғалыс жағдайында болмауы тиіс. Тіл астына жедел 1 – 2 таблетка нитроглицеринді салу. Науқасты жансыздандыру маңызды болып табылады. Арнайы жабдықталған жедел көмек топтары азот тотығы мен оттегі қоспасы мен наркоз беріп жүрек ауырсынуын басуға болады. Осы мақсатты ұстана отырып көк тамырға немесе бұлшық етке фентанил 0,005% — 2 мл + дроперидол 2 мл енгізеді. Жансыздандыру мақсатымен наркотиктерді қолдануға болады. Қан қысымы төмендеп кетсе, мезатон 1% — 1мл немесе 0,5 – 0,1% адреналин ерітіндісін 0,5% глюкоза ерітіндісімен араластырып көк тамырға жібереді. Жүрек шамасыздығы пайда болған жағдайда гемодинамиканың көрсеткіштеріне сүйене отырып, жүрек гликозидтерін қолданған абзал. Гипоксия жағдайында алмастыру мақсатымен оттегін қолданады. Қажетті жағдайда жандандыру шараларын өткізу керек ( жабық жүрек массажы және жасанды дем алдыру).

Миокард инфарктысында науқастарды кардиология бөлімшесіне жатқызып емдейді. Науқастарды ауруханаға зембілмен тасымалдау керек. Жолда науқастың жағдайын бақылап, қадағалап отыру керек. Қан қысымын өлшеп, тамыр соғуын анықтап, демін санап, аузындағы сілекейін сүртіп отыру керек. Оттегін береді. Ауруханада науқастың жалпы жағдайына байланысты реанимация бөлімшесіне жатқызылады. Емдәмнің бұл аурудағы маңыздылығы тұзбен сұйықтықтың мөлшерін шектеу, жүрекке күш түспеуіне кепілдік туғызады. Қатаң төсек тәртібінде сақтауды естен шығармау керек. Емнің негізі — ол нитрат дәрілерін үздіксіз қолдану болып табылады. Сонымен қатар ауырсынуды басу мақсатымен жансыздандыру дәрілерін тағайындау (наркотиктер, Кушелев қоспасы, наркотикалық емес аналгетиктер) керек. Миокард инфарктысының бірінші сағатынан бастап, қанның ұюына қарсы алғашқы үш – төрт күнінде гепарин ерітіндісін қолданады, содан соң гепариннен фибринолизинге ауысады. Жүректің ырғағының бұзылуын алдын алу ретінде калий дәрілерін қолданады (лидокаин, панангин, калий хлорид ерітінділері). Сонымен қоса симптомдық ем жүргізіледі. Миокард инфарктысы ұзақ мерзімді емді қажет етеді.

Алдын алуы. Алдын алудың маңыздылығы аталған ауруға әкелетін мәнбірлерге бағытталған: күнделікті реттелген күн тәртібін сақтау, уақытысында тынығып жеткілікті түрде ұйықтау, шылым шегуге тыйым салу, тағамдағы тұздың мөлшерін тәулігіне 4,5 гр дейін шектеу маңызды шаралар болып табылады.Науқастар тұрғын мекеніндегі емханада диспансерлік тіркеуге алынады. Пациенттер функционалдық жағдайына байланысты диспансерлік нұсқау бойынша қаралады. Бастапқы кезеңінде кардиологпен апта сайын 1 рет қаралып отырады, содан кейін жарты жыл бойы айына 1 рет, ал соңында – жағдайына байланысты қаралады. Тұмауға қарсы иммунизация жүргізіп, пациенттің физиологиялық жағдайын күшейтіп, депрессиямен қозуға шек қойып, жүрек-тамыр асқынуларын алдын алған дұрыс.

Источник: helpiks.org


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.