Экг казакша



Қозудың жұмысшы миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Дене ұлпаларының электрлік өткізгіштігі жоғары. Бұл жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) зерттеудің В. Эйнтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған әдістемесі электрокардиографиядеген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады.


1178;азіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы объектіден

ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.

Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған (+) бөліктері арасында пайда болатын электрлік күш сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ-мманың түрі және оның тістерінің вольтажы әртүрлі болады.


ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетінен потенциалдар тіркеу (тармағы) жүргізіледі. Жүректің биопотенциалдарын тіркеу үшін Эйнтховен үшбұрышының А,В,С нүктелеріне (аяқ-қолдарға) электродтар қойылады. Электродтар дегеніміз электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған, арнайы пішінді өткізгіштер.

А) Әдетте аяқ- қолдан үш түрлі стандартты тармақ (тіркелім) әдісі қолданылады (Эйнтховен ұсынған):

І-тармақ: оң қол — сол қол;

ІІ-тармақ: оң қол — сол аяқ;

ІІІ-тармақ: сол қол — сол аяқ (сурет 3).

Б) Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF.

Жоғарыдағы стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіреді, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі.


Мысалы, aVR кезінде оң қолға бекітілген электрод белсенді болып табылады, ал сол қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады.

— aVL кезінде- сол қолға бекітілген электрод белсенді болады, ал оң қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады

— aVF кезінде- сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады.

В)Вильсон кеудеде 6 тіркелімді тіркеуді ұсынды. Кеудеден потенциалдарды тіркеу үшін алты нүктеге бір электродтан орналастырады. Ал екінші электрод ретінде екі қолға және сол аяққа орнатылған үш электрод біріктіріліп бір электрод болып бекітіледі. Осы кезде ЭКГ түрі кеудедегі электродтар орналасқан бөліктегі электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне) орнатылған біріккен электрод индифферентті (пассивті) болып табылады немесе «нөлдік», себебі оның потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді.Осындай электрокардиографиялық тіркелімдер униполярлы немесе бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын (V1, V2 және т. б.) әрпімен белгіленеді.


Экг казакша

Экг казакша

 

 

Сурет 3. Сурет- 4-сурет.

Электрокардиограмманың стандартты (I—III) тіркелімі кезіндегі электродтардың орналасуы және осы тіркелім кезінде алынған ЭКГ-ң түрлері (Сурет 3).

(Сурет 4)- электрокардиограмманың кеуде тармақтары (1-6) кезіндегі электродтардың орналасу жерлері және осы тармақтар кезінде алынған ЭКГ-түрлері. І- ІV- қабырғааралық аралықтар.

Электрокардиограммада Р,Q,R,S,Т тістері болады. Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын Эйтховен тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің электр қозғаушы күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері өзінің шамалары бойынша I – ші және III- ші тіркелімдердегі тістердің алгебралық қосындысына тең.

II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте көрсетілген.


Экг казакша

Сурет 5. II- ші стандартты тіркелімдегі электрокардиограмма.

 

ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылынсекундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші екі тістің арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі және белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар.

ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаған кезде изопотенциалды сызық пайда болады немесе барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса,. Тіркелген ЭКГмма жүрекше мен қарыншаның жиырылғыш миокардының тізбекті қозуын білдіреді.


Р тісі (сурет 5) жүрекшелердің қозғанын білдіреді, ол жүрекше тісі деп аталады. Ары қарай қозу жүрекше-қарынша түйініне таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толық қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті).

Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен синусты- жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай көшкін түрінде тарайды. Қалыпты жағдайда жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.

Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады. Қарыншалардың қозумен қамтылуын QRS кешені (комплекс) сипаттайды. Осы кезде Q тісі жүрек ұшының қозғанын, оң емізікше бұлшықеті мен қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.


R тісі– жүректің негізі мен қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісінің аяқталуыS тісінің қалыптасуымен кескінделеді. Енді екі қарынша да қозып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының болмауынан ST сегменті изопотенциалды сызықта болады.

Т тісі реполяризация үрдісін білдіреді, ол дегеніміз миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта қалпына келуі. Осы үрдістер әр жасушада қатаң үйлесімді пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі де­поляризацияланған бөліктері (яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасында изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS кешенімен сәйкес келіп, олармен жұтылады.


Қарыншалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке қарағанда біршама кеш басталады).

Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q ( Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS кешенінің жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с құрайды.

Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда болмайды, сол себепті жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді.


1240;рбір берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын шартты сызық жүректің электрлік осідеп аталады. Әрбір берілген мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөлігінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (ЭКГ- ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды.

Источник: helpiks.org


Жүректі зерттеудің аспаптық әдістері

 Электрокардиография.  Электрокардиография дегеніміз  жүрек  бұлшық етінде түзілетін  биоэлектрлік көріністердің графикалық  тіркеу әдісі. Жүректің жиырылу  кезінде оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшық  ет клеткалары, олардың мемброналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады. Бұл кезде клетка аралық және клетка ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік тоқтың пайда болуына әкеліп соғады.

  Электрокардиографияның клиникадағы маңыздылығы. Бұл тәсіл  жүрек қан тамыр жүйесін зерттеудегі қосымша тәсілдердің ішінде басты орын алады. Электрокардиография жүрек ырғақтылығының бұзылыстарын анықтауда, жүрек және қан айналымының бұзылыстарын анықтауда, жүрек тәж қан айналымының бұзылыстарының диагностикасына үлкен көмек жасайды.   Электрокардиограмма жүректің бөлек қуыстарының кеңеюін көрсетеді. Миокард гипертрофиясы және жүрекшеқуысының кеңеюіне байланысты болатын жүрекшенің үлкеюі кезінде Р сермесінің ұзақтығы да артады (0,1 сек. ұзағырақ). Р сермесінің амплитудасы жоғарылайды, себебі миокардтың қозуы кезінде жоғары потенциал туады. Егер миокардта дистрофиялық немесе склеротикалық өзгерістер дамыса, Р сермесінің пішінің пішіні өзгереді, ол серме жарықшақтанған екі фазалы болып тіркеледі. Сол жақ жүрекшенің үлкеюіне Р сермесі І және ІІ стандартты шықпаларда, оң жүрекшенің үлкеюінен –ІІ және ІІІ шықпаларда өзгереді. Кейбір қарыншалардың гипертрофиясы ЭКГ- де келесі өзгерістерге әккеліп соғады:1) Электр осінің орналасуы өзгереді; сол қарыншаның қалыңдауында жүрек осі солға, оң қарыншаның қалыңдауында – оңға ауысады; 2) Қарынша комплексінің амплитудасы жоғарылайды және оның ұзақтығы ұзарады, яғни қарыншалардың  қозу уақыты көбейеді; 3) миокардтың қайта қалпына келу үдерісі бұзылады, бұл ЭКГ- де қарыншалық комплексінің соңғы аяқ бөлігінің өзгеруімен көрінеді – S-Т аралығы орын ауыстырып, Т сермесі өзереді, 4) сол жақ қарыншаның қалыңдауында, оң жақ кеуде шықпаларындағы R –сермелерінің амплитудасы  жоғарылайды, оң жақ қарыншаның  қалыңдауында, S және R сермелерінің ара қатынасы осының алдыңғы сипатталғаннан кері, яғни оң жақ шықпаларындағы биік R сермесі, ал сол жақта- терең  S сермесі пайда болады. Электрокардиография миокардтағы дистрофиялық және склеротикалық өзгерістерді анықтауға көмектеседі. әр түрлі улы заттардың, кейбір дәрі-дәрмектердің әсерінен (дигиталис, хинидин т.б.) электролиттер алмасуының бұзылуы нәтижесінде ЭКГ өзгереді. Элетрокардиография әдісінің құндылығын, маңызын айта келіп, мынаны ескерту қажет – ЭКГ-ні тек клиникалық мағлұматтардың есебінде бағалау керек,себебі әр түрлі патологиялық өзгерістер осыған ұқсас бұзылыстарға әкелуі мүмкін. Клиникалық мағлұматтарды ескермеу және электрокардиография  әдісін тым артық бағалау, үлкен диагностикалық қателіктерге әкеліп соғуы мүмкін.

       

57-сурет. Электрокардиографияның схемасы: 1 – зерттелінетін жануар, 2 –

жүрек тогы қойылымдардың  ауыстырғышы, 3 — күшейткіш, 4 – электр батареясы, 5 –

гальванометр, 6 – айна, 7 – сәуле көзі, 8 –лентаны жіберіп туратын механизм, 9 –  бақылау

терезесі, 10 –  уақытты белгілегіш, 11 – электр кернеуді бақылау механизмі

 

Жүрек еттеріндегі  биоэлектрлік құбылысты зерттейтін әдісті –

электрокардиография (ЭКГ), биотоктарды зерттеуде қолданылатын

аспапты – электрокардиограф, ал биотоктарды бейнелейтін сызықты  –

электрокардиограмма деп атайды. Қазіргі кезде медицинада қолданылатын

электрокардиографтарды  ветеринария саласында да пайдаланады.

Электрокардиограмма арқылы жүректің негізгі: автоматизм,

қоздырғыштық  және өткізгіштік қызметтері туралы мәліметтерді аңықтап,

жүрек ырғағының бұзылауына (аритмиялар), миокардиодистрофия мен

миокардттың инфарктына да диагноз қоюға мүмкіншілік  бар.

ЭКГ жазу үшін жануардың  екі алдыңғы және артқы сол  аяқтарына 5 %-

дық ас тұзы ерітіндісіне малынған дәкені орап, оның үстіне қалайы

пластинкадан  жасалған электродтарды бекітіп ЭКГ-ға кабель арқылы

жалғайды. Электродтарды  жануар аяқтарына рәзеңке арқылы бекітеді.

Электрокардиографияны тұрған малда өткізеді. Стандартты

қойылымдар 2-полюсті  шығаруларға жатады. Электрокардиограмманы

жазған кезде  әр қойылымнан 6-8 жүректің жиырылуын түсіру қажет.

Тәжірибеде  денеден 3 стандартты қойылым (ток тарту  жолдарын)

қолданады:

▲ Алдыңғы оң және сол аяқтың сирағынан (жүрек  құлақшаларының

қозу биотоктарын  тіркеу).

▲ Алдыңғы оң және артқы сол аяқтың сирағынан (жүректің оң және

сол қарыншаларының қозуы салдарынан келетін биотоктарды  тіркеу).

▲ Алдыңғы сол  және артқы сол аяқтың сирағынан (жүректің сол

қарыншасының  биотоктарын тіркеу).

Электрокардиограмманы оқыған уақытта екінші қойылымнан

бастайды, себебі ол негізгі, ал 1-ші, 3-ші қойылымдар қосымша деп

саналады.

Барлық жолдарынан алынған электрокардиограмма түзу

изопотенциалды  сызықтан және бес тістен тұрады. Оның үшеуі

изопотенциалды  сызықтан жоғары бағыттылған (P, R, T), олар оң тістер деп

аталады. Ал екеуі (Q, S) изопотенциалды сызықтан төмен қарай бағыттылған,

олар теріс деп аталады.

Электрокардиограмманың 3 көрсеткіштеріне сүйене отырып талқылау

жасайды (интерпретацияны):

■ Тістердің  биіктігі (мм);

■ Изопотенциалды сызықтан тістердің бағыттары (оң — жоғары, теріс —

төмен);

■ Арақашықтықтарының ұзақтығы (сек).

Электрокардиограммада ІІ-кезеңді айырады: систолалық және

диастолалық: систолық кезең Р-тісінің алдынан Т тісіне дейін орналасады,

диастолалық кезең — Т тісінің соңынан келесі Р  тісіне дейін.

Р тісі- құлақша еттерінің қозғандағы потенциалдарын көрсетеді, ол

қозу құлақшалардан  өткенде пайда болады.

Р тісінің үлкеюі симпатикалық жүйе тамырының өзгеруінде, жүрек

құлақшаларының  гипертрофиясында, митралды тесігінің  тарылуында

байқалады. Ал кішіреюі мен  кеңеюі жүректің өткізгіштік қабілетінің

төмендеуіне байланысты. Кейде  осы себептен Р тісінің ұшы  жалпақ болып

түседі. Р-Q аралығы биотоктың (қоздырудың) құлақшадан қарыншаларға

дейін өту уақытын көрсетеді. Р-Q арасының тым ұзын болуы өткізгіш

жүйенің морфологиялық өзгерістерінен, мысалы миокардиострофияда

кездеседі. Р-Q аралығының қысқаруы физикалық күш түсіргенде,

шаршағанда немесе экстрасистолада  болады (алғашқы жүрек қозу нүктесі

атрио-ветрикулярлы түйінге  жылжығанда).

Q тісі жүректің оң және сол қарыншалардың, бұлшық еттерінің ішкі

қабаттарының және қолқаның қоздыру әрекетін көрсетеді. Бұл  тісінің

үлкеюі (әсіресе 3-ші жолында) алдында болған миокард инфарктінің  белгісі.

R тісі – екі жүрек қарынша еттерінің қоздыруын көрсетеді. Оның

биіктігі миокард жағдайымен байланысты. R-тістің биік болуы миокардтың

қызметтік қабілеті өте жақсы, жоғары деңгейінде екенін көрсетеді, немесе

симпатикотонияны, ал кішіреюі керісінше — ваготония немесе дистрофиялық

бұзылуларды. R-тістің ұшы  жалпақ немесе екіге бөлінуі –  қозғыштық

жүйесінің соңғы бөліктерінің терең бұзылулары бар екенін білдіреді. Бұл

белгі QRS-комплекстің ұлғаюымен үйлеседі.

Сол жақ қарыншаның гипертрофиясында R-тісі 1-ші қойылымда

үлкейеді де, 3-де – кішірейеді. Көбінесе осы жағдаймен  қосымша S-тісі де

терең болады (левограмма).

Оң жақ қарыншаның гипертрофиясында R-тісі 3-ші қойылымда  ең

жоғары, ал 1-шіде төмен, қосымша S-тісі 1-ші қойылымда  терең болады

(правограмма).

S тісі- екі қарынша толық қозу кезінде пайда болады да, тіс төмен

қарай бағытталады. Оның талқылауы барлық QRS-кешенінің өзгеруіне

байланысты. Бұл  кешен қандай болсын өткізгіш жүйенің  зақымдануларын

көрсетеді. QRS-кешенінің  жарылуы, жалпақтануы, кеңеюі – миокардтың кең

таралған бұзылуларын  білдіреді.

S-T аралығы (интервал) қалыпты жағдайда изоэлектрлік. Ол

миокардтың толық қоздыру кезіндегі потенциал айырымның жоқтығын

көрсетеді. Интервалдың  ұзаруы қарыншақтардың коздыруы баяу

болғандықтан, ал қысқаруы – кенет тахикардияда кездеседі. Интервал S-T–

ның төмен немесе жоғары жылжуы — қан тамыр айналымының  бұзылуында,

миокардтың  ошақты зақымдалуында, жіті перикардитте пайда болады.

Т тісі миокардтың электр потенциалдың қайталану фазасына сәйкес

болады. Оның ұлғаюы малдың қозуында, физикалық күш салуында,

симпатикотонияда  кездеседі, ал кішіреюі – ваготония, жүректің

дистрофиялық өзгерістерінде пайда болады.

QRST-кешені қарыншалардың толық қоздыру және қалпына келу

уақытын көрсетеді, немесе жүректің электрлік систоласын білдіреді.

Т-Р  интервалы жүректің электрлік диастоласын білдіреді, оның

ұзындығы жүрек  ырғағына байланысты.

R-R және P-P интервалдар жүрек қызметінің толық циклін құрайды.

3 Вектор-кардиография – жүректегі электрөткізгіштік күшінің көлемі

мен бағыттылығын тіркеу әдісі. Жүректің электр өрісі  жүрек жұмысының әр

мезгілінде  өзгеріп тұрады, сол уақытта потенциалдардың айырымы пайда

болады. Соңғыларды график ретінде момент-вектор арқылы көрсетуге

болады (бір  нүктеден шығатын арнайы ұзыңдығы мен  бағыттағы түзу

сызықтар). Векторлардың жылжуы біртектес жабық қисықты  береді –

векторкардиограмманы (ВКГ). ВКГ жазу үшін арнайы аспап қолданады –

вектор-электрокардиоскоп. Бұл аспап жүректің визуалды (экранда  қарау)

зерттеуін құрастырылған (электрокардиографиямен векторкардиография)

әдіспен жүргізуге мүмкіншілік  береді.__

 

Фонография — жүрек соғуын кардиофонографпен жазып алу Дыбыс жазу — сақтау және керек уакытында қайта жаңғырту мақсатымен дыбыс толқынын тасымалдаушы материалға түсіру. Дыбыс жазу үшін микрофон, электр тербелістерін күшейткіш, дыбыс жазылатын материалға әрекет етуші құрылғы, дыбыс жазылатын материал қолданылады. Дыбыс жазудың механикалық, магниттік, фотосуреттік (оптикалық) түрлері және монофониялық , стерефониялық және квадрафониялық әдістері бар. Магнитофон арқылы стереожазуды орындау үшін әрбір дыбыс көзінің маңына жеке микрофондар орнатып, олар арқьшы дыбысты екі жолға синхронды түрде жазады. Қайта жаңғыртқанда да синхронды түрде жаңғыртады. Квадрофониялық жазуда дыбыс төрт жолға жазылады

Бұл әдіс ЭКГ  және аускультация арқылы алынған нәтижелерді

толықтырады. Фонокардиограф микрофонын жүрек қақпақшалардың нақты

естілетін орындарына жабыстырады, кейбір жағдайларда қосымша

нүктелерге  де қосады.

Фонокардиография  жүрек ақауларын ажырату үшін өте маңызды. ФКГ

жүрек шуылдарының басталу уақытын, ұзақтығын, ең жоғары деңгейін және

т.б. көрсеткіштерін анықтайды.

            

58-сурет.  Қалыпты электрокардиограмманың тістері мен интервалдары

(аралықтары): А  – жылқы, Б – ірі қара  мал, В – иттің электрокардиограммасы

           Батыс Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университеті.

 

 

                                                  «Экология және биотехнология» кафедрасы.

 

                         Баяндама

 

Тақырыбы:

          

       

    "Электрокардиография.

                   Фонокардиография"

 

 

 

                                                                        Орындаған:ВС-31 топ студенті

                                                                                                     Құспанова Б.С.

                                                                        Тексерген: оқытушы

                                                                                                     Исмагулов.А.Н.

                                                

                      

                                                             2013жыл

Источник: www.myunivercity.ru

3. Жоспар:

Жүрек құрылысы
Жүректің өткізуші жүйесі
Жүректі аспаптық зерттеу
Қалыпты ЭКГ талдау

4. Жүректің құрылысы

Жүрекқалың жолақты
еттен тұратын төрт
қуысты, үлкендігі
адамның жұдырығындай
(250-300г) жұмыр
ағза.Жүрек кеуде
қуысында екі өкпе
аралығының алдыңғы
жағында орналасқан, ірі
қан тамырларға ілініп
тұрады.Оның ұзындығы
12-15см, ені 8-11см, ұзын
бірлігі оңнан солға,
жоғарыдан төмен, арттан
алға қарай бағытталған.

5.

Жүрек ұшы кеуде қуысында
сол жақтағы V қабырғаға
тіреледі.Жүрек қуысын бітеу
перде екіге бөледі.Оны оң
жүрек, сол жүрек деп
бөледі.Әр жүрек жүрекше
мен қарыншадан тұрады.
Жүректе 4қуыс бар:
2жүрекше,2қарынша.Жүрек
ше мен қарынша арасында
атриовентрикулярлық тесік
болады.Тесікті жабатын екі
жақтаулы және үш жақтаулы
қақпақшалар бар.Жүрек
қабырғасы 3қабаттан
тұрады:
Ішкі эндокард
Ортаңғы — миокард
Сыртқы — эпикард
Жүрек қабы — перикард

7. Өткізу жүйесінің құрылымы

1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
СА түйіні(Кис-Фляк түйіні)
АВ түйіні(Ашоффа-Тавар
түйіні)
Гис будасы
Гис будасының оң жақ бұтағы
Гис будасының сол жақ
бұтағы
Сол бұтағының алдыңғы
тармағы
Сол бұтағының артыңғы
тармағы
ГИс будасы және оның
тармақтарының және
Пуркинье жасуларының торы

9. Жүрек жұмысын зерттеу әдістері

Физиологиялық
әдіспен зерттеу
үшін жануардың
кеуде қуысын ашады
да, жазу аспабын
тікелей жүрекке
тіркейді. Бұл
физиологияда "қанды
әдіс" деп те аталады.
Клиникалық физиологиялық әдіс
жүрек жұмысын қан
шығармай тексеруге
мүмкіндік береді.Бұл
әдіспен әдетте сау
адамның да, науқас
адамның да жүрегі
зерттеледі.

10.

Электрокардиография (ЭКГ)
жүректе пайда болатын электр тогін
(биотокты) графикалық түрде жазып
алу тәсілі.
Жазып алатын аппарат
электрокардиограф деп аталады.
Қағаз лентаға графикалық сызба
түрінде алынған мәлімет
электрокардиограмма деп аталады.

12.

ЭКГ-ны жазу үшін 12
тіркеме қолданылады:
3 негізгі (І, ІІ, ІІІ
стандартты) тіркеме
(Эйнтховен тіркемелері);
3 – бір полюсті
күшейтілген (аяқ-қол)
тіркемелер (AVR, AVL,
AVF) (Гольдбергер
тіркемелері);
6 — кеуде тіркемелері (V1,
V2 , V3 , V4 , V5 , V6)

13.

ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде
бетіндегі потенциалдардың тіркелімі
(тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі
стандартты тіркелім әдісі қолданылады:
І-тіркелім: оң қол — сол қол;
ІІ-тіркелім: оң қол — сол аяқ;
ІІІ-тіркелім: сол қол — сол аяқ
Электродтың қызылы- оң қолға, сарысы –
сол қолға, жасылы сол аяққа тіркеледі.Қара
электрод –жерге қосатыны, оң аяққа
салынады.

14. Электрокардиограмманың Электрокардиограмма- стандартты тіркелімі кезіндегі ның кеуде тіркелімі (1- 6) кезіндегі электродтардың орналасуы

Электрокардиограмманың
стандартты тіркелімі кезіндегі
электродтардың орналасуы (I—III)
және осы тіркелім кезінде алынған
ЭКГ-ң түрлері.
Электрокардиограмманың кеуде тіркелімі (1- 6) кезіндегі
электродтардың орналасу жерлері және
осы тіркелімдер кезінде алынған ЭКГтүрлері. І- ІV- қабырғааралық аралықтар.

15.

Қалыпты жағдайда жүректің электр осі
жүректің анатомиялық осімен сәйкес келеді.
І стандартты тіркеменің көмегімен оң және сол
қол арасындағы потенциал айырмасын,
ІІ стандартты тіркеменің көмегімен оң қол және
сол аяқ арасындағы потенциал айырмасын,
ІІІ стандартты тіркеменің көмегімен сол қол мен
сол аяқтың арасындағы потенциал айырмасын
тіркеп, қағазға түсіреді.

16.

Бір полюсті күшейтілген тіркемелер:
AVR, AVL, AVF.
A – күшейтілген, V – потенциал, R- (rіght) оң қолдан,
L-(left) сол қолдан, F — (foot) аяқтан екенін білдіреді.
AVR және AVL жүректің алдыңғы жағының
биопотенциалын, AVF жүректің артқы жағының
биопотенциалын қағазға түсіреді.
AVL – І стандартты тіркемеге, AVF – ІІІ стандартты
тіркемеге сәйкес келеді.
Жүрек көлемді ағза болғандықтан, оның
биопотенциалы жан-жаққа және әртүрлі жазықтық
арқылы тарайды. Аяқ-қол тіркемелері жүрек биотогінің
тек бір жазықтықта тарағанын ғана жазуға мүмкіндік
береді.

17. AVR

Оң қолдың
күшейтілген
тіркемесі

18. АVL

АVL Сол
қолдың
күшейтілген
тіркемесі.
АVF сол аяқтың
күшейтілген
тіркемесі.

19.

Кеуде тіркемелері.
Кеуде тіркемесі арқылы көлденең және
сагитальды жазықтығы бойынша таралған электр
тогы жазылып алынады.
Кеуде тіркемелері “V” әрпімен белгіленеді.
V1- тіркемеде активті электрод төс сүйегінің оң жақ
қырына ІV қабырға аралыққа;
V2 – төстің сол жақ шетіне ІV қабырға аралыққа;
V3 – тіркеме V2 және V4 тіркеме аралығына;
V4 – тіркеме сол жақ бұғана орта сызығымен V
қабырға аралықтың қиылысқан жеріне;
V5 – сол жақ қолтық алды сызығы бойымен V
қабырға аралыққа қойылады;
V6 – V қабырға аралыққа сол жақ қолтық орта
сызығы бойымен қойылады.

21.

V1 – V2 тіркемелерде
қарынша аралық
перде мен жүректің оң
жағының биотогі, V3
тіркемеде көшпе
зонаның биотогі.;
V4 тіркемеде жүрек ұшы
мен сол қарыншаның
алдыңғы жағы
V5-V6 бүйір жағының
биотогы жазылып
алынады.

23. ҚАЛЫПТЫ ЭКГ ТАЛДАУ

Тісшелердің ұзақтығы
секундпен (әрбір
кішкентай клетка 0,02
сек болады, секундына
50 мм жылдамдықпен
түсіріледі) өлшенеді,
амплитудасы
милиметрмен (әрбір
кішкентай клетка 1 мм
болады) өлшенеді.

24. Р тісшесі

Оң тісше, жүрекшелердің
биопотенциалын
бейнелейді. Оның бірінші
жартысы оң жүрекшенің,
екінші жартысы сол
жүрекшенің электр
импульсін көрсетеді.
Қалыпты жағдайда Р
тісшесінің ұзақтығы 0,060,11 сек., амплитудасы –
0,5-2,5 мм. (І, ІІ, AVL, V1-6
анықталады).

25. Q тісшесі

Q — теріс тісше, тереңдігі
R
тісшесінің
1/3
биіктігінен
артық
болмауы
керек,
ұзақтығы 0,03 сек.

26. R — оң тісше

R — оң тісше, электр
импульсінің
қарыншалардың
субэндокардиальды
зонадан эпикардқа қарай
тарауын бейнелейді.
Стандартты тіркемелерде
оның биіктігі 5-20 мм,
кеуде тіркемелерінде — 25
мм болады. R тісше
ешқашан теріс болмайды.

27. S тісшесі

S теріс тісшесі электр
импульсінің
сол
қарыншаның түбіне
қарай
тарауын
көрсетеді,
оның
тереңдігі 3-6 мм.

28. Т тісшесі

Т оң тісше –
реполяризация
процесіне (электр
қозуының басылуына)
сәйкес келеді,
ұзақтығы 0,05-0,25
сек., биіктігі 2-7 мм.

29. РQ аралығы

PQ – аралығы
жүрекшелердің қозу
бастамасынан
қарыншалардың
қозуына дейінгі
арадағы уақытты
қамтиды. Бұл кезде
потенциал айырмасы
өте аз болғандықтан,
ол изоэлектр
сызығында болады,
оны изоэлектр фазасы
деп те атайды.
Ұзақтығы – 0,12-0,20
сек.

30.

P, Q, R, S тісшелері – деполяризация процесіне
(электр қозуына) сәйкес келеді.
U – оң тісше, барлық уақытта бола бермейді.

31.

QRS

комплексі
қарыншаның
деполяризациясын (электр тогымен толық
қызғанын) бейнелейді, ұзақтығы 0,06–0,10
сек.

32. ST аралығы

ST – аралығы жүректің толық деполяризациясын
бейнелейді, оның кез-келген екі нүктесі арасындағы
потенциал айырмасы өте аз, сондықтан, қағазға тісше
болып түспей, ST аралығы изоэлектр сызығының
деңгейінде орналасады. Қалыпты жағдайда ST аралығы
изоэлектр сызығынан жоғары, не төмен 0,5-1 мм-ге ғана
ауытқуы мүмкін.

33. QТ аралығы

QT (QRST) к-сі жүректің электр систоласы деп
аталады, ұзақтығы ерлерде — 0,32-0,37 сек.,
әйелдерде — 0,35-0,40 сек. аралығында болады,
және жүрек соғу жиілігіне тәуелді: тахикардияда
ол қысқарады, брадикардияда ұзарады.

34.

Қалыпты ЭКГ-ның кеуде тіркемелеріндегі
ерекшеліктері:
V1 тіркемесінде Р тісшесі көбіне теріс мәнді, Q
тісшесі болмайды, R тісшесі ең аласа, S ең терең, T
теріс болады.
V2 тіркемесінде Р тісшесі теріс, не қос фазалы
болуы мүмкін, көбінде оң мәнді, Q тісшесі болмайды,
R тісшесі биіктей бастайды, ал S тісшесі кішірейе
бастайды, T теріс не қос фазалы болады.
V3 тіркемесінде Р тісшесі алдыңғы тіркемедегідей,
оң мәнді, Q тісшесі болмайды, R мен S тең болады
(өтпелі зона), T оң, кейде қос фазалы болады.

35. Қалыпты ЭКГ-ның кеуде тіркемелеріндегі ерекшеліктері:

V4 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі
пайда болады, R тісшесі ең биік, S кішірейеді, T
ең биік болады.
V5 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі
болмайды, R тісшесі V4 қарағанда аласа, S өте кіші,
T биіктеу болады.
V6 тіркемесінде Р тісшесі оң мәнді, Q тісшесі
болмайды, R тісшесі V5 қарағанда аласа, T биіктеу
болады, S жоқтың қасы.

36.

ЭКГ-ның қорытындысы ІІ стандартты
тіркеме бойынша жасалады:
1. Ырғағының дұрыстылығы. Қалыпты
жағдайда бір тіркемедегі екі RR аралығы
бірдей болады, айырмашылығы 0,16 сек.
аспауы керек.

37.

2. Ырғағының синустылығы — қалыпты
жағдайда
импульс
синус
түйінінен
шығады), оны Р тісшесінің болуы білдіреді.
Р тісшесі жоқ болса, онда синусты емес деп
аталады.
3. Жүректің жиырылу жиілігі – 60 секундты
RR аралағана бөледі. 60: RR =ЖЖЖ.

38.

4. Жүректің электр осі –
стандартты тіркемелер
бойынша анықталады,
ең биік R тісшесі қай
стандартты
тіркемеде
биік болса, соған қарай
анықталады
R1
жоғары
болса
горизонталды
R2 жоғары болса қалыпты
R3 жоғары болса вертикалды

39.

5. Вольтажы – R
тісшесінің
стандартты
тіркемелеріндегі
амплитудасы
бойынша
анықталады,
олардың қосындысы
15 мм кем болмайды,
немесе біреуінде 5 мм
кем болмауы тиіс.

Источник: ppt-online.org

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының меңгерушісі — м.ғ.д., профессор Тұрланов Қ.М.
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті «Жедел жəне шұғыл медициналық жəрдем, №2 ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері: м.ғ.к, доцент Воднев В.П.; м.ғ.к., доцент Дюсембаев Б.К.; м.ғ.к., доцент Ахметова Г.Д.; м.ғ.к., доцент Бедельбаева Г.Г.; Альмухамбетов М.К.; Ложкин А.А.; Маденов Н.Н.

Источник: diseases.medelement.com


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.