Жүрек демікпесі



Р-тісшесі жүрекшелер биопотенциалын бейнелейді. Оның бірінші жартысы оң жақ жүрекшенің, екінші жартысы сол жақ жүрекшенің электр импульсін көрсетеді. РQ-аралығы жүрекшелердің қозу бастамасынан жүрек қарыншаларының қозуына дейінгі арадағы уақытты қамтиды.

12 .Жүрек –қан тамыр жүйесі ауруларының клиникалық белгілері .Гипертониялық криз,журек аймағында ауыруы.

жүйесінің ауруларымен сыркаттанатын науқастарды бакылау және күту

Журек-қан тамыр жуйесі ауруларының негізгі белгілері Жүрек тасындағы ауырсынулар.

Жүрек тұсындағы ауырсыну шағымдарын бағалау кезінде олардың барлығы жүрек-кан тамырлар жүйесінің зақымдануына байланысты бола бермейтіндігін есте сақтаған жөн. Бұл маңдағы ауырсыну сезімі плевраның (кү-рғақ плеврит), омыртқа бағанасы мен қабырға аралық жүйкелердің (омыртқа остеохондрозы, қабырға аралық невралгия) зақымдануы, миозит, көк еттің өңештік тесігінің жарығы және т.б. кездерде пайда болуы мүмкін.


Қан айналу жүйесінің ауруларымен байланысты көкірек куысындағы ауырсынулар перикард, қолқа, жүйке патологиясымен туғызылуы мүмкін. Бірақ аурудың диагностикасы, ары қарайғы тактикасы мен болжамы үшін науқаста стенокардия ұстамасының пайда болуы неғұрлым маңызды болып табылады.

Стенокардия ұстамасы жүрек артерияларының атеросклероз салдарынан тарылуы кезінде дамиды, бұған тамырлардың тартылуы қосылуы мүмкін.

Стенокардия ұстамасы кезінде миокардтың оттегіне мұктаждығы мен коронарлық қан айналамының мүмкіндіктері арасында сәйкессіздік пайда болады. Бұл жүрек бұлшык етінің гипоксиясына, ишемияға әкеледі. Олардағы зат алмасу бұзылады, зат алмасудағы тотықпаған өнімдер миокардтың сезімтал рецепторларын тітіркендіреді де ауырсыну сезімін тудырады.
1240;детте стенокардия ұстамасы физикалық жэне эмоциональды күш түскенде пайда болады. Тес артында басып, қысып, күйдіріп ауырсыну сезіміне өліп калу қорқынышы қосылады, сол жақ иыққа, қолға, мойынның сол жақ жартысына, төменгі жақ сүйегіне беріледі, 1 минөттен 10 минутқа дейін созылады және өздігінен тыныштық қалыпта немесе тіл астына нитроглицерин салған соң 1 — 3 минуттан кейін басылады.

Көрсетілетін көмек: толық тыныштық жағдай жасау, тіл астына нитроглицерин беру, кейде жүрек тұсына қыша кағазын қою. Әдетте, ұзақ басылмаған стенокардия ұстамасы өте қауіпті миокард инфаркты ауруымен асқынады. Оның негізінде жүрек бұлшық етінің некрозы жатыр. Миокард инфарктының неғұрлым жиі кездесетін әдеттегі варианты тес артындағы ауырсынудың пайда болуымен сипатталады. Онын белгілері тыныштықта да, нитроглицерин қабылдаса да басылмайтын 30 минөттен ұзақ уақытқа (бірнеше сагатка дейін) созылатын төтенше қатты ауырсыну. Бұл ауырсынулар өліп қалу қорқынышымен, тұншығумен, әлсіздіккек, қысымның төмендеушен және т.б, әтеді.
#1201;ндай науқастарды аурудың алғашқы сағаттарында-ақ интенсивті емдеу палатасына жедел жатқызу, жағдайын үнемі қадағалау және реанимациялық емшараларды жүргізу үшін барлық қажетті құрал-саймандармен жабдықтау қажет. Аурудың алғашкы күндерінде қатаң төсектік тәртібі белгіленеді, осы кезекде төсектің, төсек жапқыштар мен іш-киімдердің жағдайын бақылау, барлық гигиеналық іс-шараларды жүргізу, дәрет ыдысын, зәр қабылдағышты беру керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек

• Науқасты жатқызу;

• Таза ауамен қамтамасыз ету;

« Қысып тұрған киімдерін шешу;

• Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;

• Науқаска жарты таблетка аспирин беру;

• Анальгетиктер енгізу;

• Дәрігерді шақыру.

Ентігу, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі. Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары кезіндегі ентігу жүрек жетіспеушілігі белгілерінің бірі болып табылады, Бұл миокардтың жиырылу қабілетінің төмендеуінен, үлкен және кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтықтың жиналуынан болады.
#1201;л кезде кан кіші кан айналу шеңберінде жиналады да науқас физикалык күш түскенде және кобшіжығанда ауа жетпеу сезімін сезеді, ал аурудың өршуіне қарай тыныштык жагдайда да осьшдай сезім пайда болады.

Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі тұншығу (жүрек демікпесі) — бұл шулы тыныс алумен өтетін, көбінесе түнгі уақытта, кенеттен пайлі болатын ауыр ентігу ұстамасы. Бұл кезде науқас амалсыз отыру күйін қабылдауға тырысады. Жүрек демікпесі жүрек бұлшық етінін некрозы (инфаркт), қабынуы (ауыр миокардит) немесе салмақ іусу (гипертониялық криз, сәйкес емес физикалық күш түсу) салдарынан жүрек бүлшық етінің жиырылғыштьщ қабілетінің күрт төмендеуі кезінде пайда болады. Өкпе ісінуі жүрек жетіспеушілігінің неғұрлым ауыр көрінісі больш табылады. Бұл кезде канның сұйық бөлігі қан тамырларының.кіі,іргалары арқылы өтеді де альвеолаларда жиналады. Жүрек демікпесінің айтылып кеткен белгілеріне сырылды тыныс алу жэне илкызыл көбікті қақырықтын белінуі қосылады.


Ентігу кезіндегі көмек: тыныштық жағдай жасау, науқасты отырғызу немесе жартылай отырғызу (ортопноэ), қысып тұрған киімдерді шешу, таза ауамен қамтамасыз ету, дәрігердің тағайындауымен иитроглицерин немесе АҚ жоғары болса гипотензивті дәрі беру.

Өкпе ісінуі мен жүрек демікпесі кезінде науқасқа көрсетілетін көмек:

— ең алдымен дәрігерді шақыру керек;

— науқасты отырғызу (ортопноэ);

— нитроглицерин беру, егер науқастың САҚ 100 мм с.б. төмен болмаса;

— мұрын катетері немесе маска арқылы көбек басқышпен бірге оксигенотерапия жүргізу, көбік басқыш ретінде әдетте 96% этил спирті қолданылады;

— электросорғышпен көбікті қақырықты сорып алу керек;

— науқасты отырғызғаннан кейін қанды үлкен қан айналу шеңберіне жиналдыру және оның өкпеге келуін кідірту мақсатында аяқтарына венозды бұраулар салады; екі аяқтың шап қатпарынан 15 см төмен жерге бұрау немесе резеңке түтік немесе тонометрдің манжетін вена ғана қысылатындай қылып салу керек, артериялық тамыр соғуы бұраудан төмен жерде сақталуы қажет, ал аяқтары көкшіл тартуы керек, бұраудың салыну уақыты 15-20 минөт;


— венозды бұрауларды қолға да салуға болады, оны шешерде жайлап аддымен бірікілі қолдағыны, біраздан кейін екінші қолдағыны шешу керек;

— айналымдағы сұйықтықтың біраз бөлігін қан айналымынан шығару және кіші қан айналу шеңберін жеңілдету мақсатында қан ағызуды қолдануға боладіл.

Ісінулер. Жүрек жетіспеушілігі кезіндегі ісінулер үлкен қан айналу шеңберінде қанның іркілуінен және ағзада сұйықтық жиналуынан пайда болады. Науқас жүріп жүрсе ісік аяқтарында, ал төсек тартып жатса сегізкөзде, жауырында, бел аймағында болады. Ісінулер аймағында тері жылтыр, тегіс, керілген болады. Оны басканда ұзак сақталатын ойық пайда болады. Жүрек жетіспеушілігінің ары кеткен ауыр кездерінде пайда болатын сұйықтық іш қуысына жиналса — асцит, плевраға жиналса -гидроторакс, перикард қуысында болса — гидроперикард, бүкіл дененің ісінуі анасарка деп аталады.


Адам тәулігіне 1,5 — 2 л зәр бөледі. Бұл тәулігіне қабылданған сұйықтықтың 70 — 80%. Егер зәр мелшері тәулігіне қабылданған сұйықтық көлемінің 70 — 80%-нен аз болса, теріс диурез дейді, яғни сұйықтықтың бір бөлігі ағзада қалып кояды. Егер зәр мөлшері тәулік бойы қабылданған сұйықтықтан артық болса, онда диурезді оң дейді. Оң диурез зәр айдағыш дәрі ішкеннен кейін ісінулердің қайту кезінде де керінеді. Су балансы жағдайын дене салмағын өлшеу арқылы да бақылауға болады. Дене салмағының күрт артуы ағзада сұйыктықтың кідіруін көрсетеді. Төсек тартып жаткан және зәр айдағыш дәрі қабылдайтын науқастарды дәрет ыдысымен, зәр қабылдағышпен қамтамасыз ету қажеттігін есте сақтаған жөн. Іш қуысында көп мөлшерде сұйықтық жиналған кезде емдеу және диагностикалық мақсатта іш қуысын тесу (парацентез) жүргізіледі. Бұл шараны іске асырарда өте сақ болу керек, өйткені бірден көп мөлшерде сұйықтық алғанда науқаста коллапс болуы мумкін.


Төсек тартьш жатқан жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда ісінулер болатын жерлерде — сегізкөз, бел және жауырында — трофикалық өзгерістер жиі дамиды, сондықтан бұл жерлерде ойылулардың пайда болу қаупі өте жоғары. Сол себептен ойылулардың аздын алу шараларының маңызы ерекше.

Артериялық қысымның көтерілуі кезіндегі алғашкы медициналық көмек

• Науқасты жатқызу;

• Таза ауамен қамтамасыз ету;

• Қысып тұрған киімдерін шешу;

• Дәрігерді шақыру;

• Бір таблетка нитроглицеринді науқастың тілінің астына салу;

• Седативті заттарды беру — пустырник тұнбасы 20-30 тамшы, корвалол 15-30 тамшы, валокардин 15-30 тамшы. валерин экстракты 1 драже.

Асқазан мен ішегі ауыратын науқастарға жасалатын күтім және бақылау

Қазіргі кезде әртурлі асқазан-ішек жолдары ауруларымен, яғни асқазанның ойық жарасы, созылмалы гастрит, холецистит, панкреатит, энтерит, колит және т.б ауруларымен ауыратын науқастар ауруханалардың, сонымен қатар емханалардың терапевттік және хирургиялық бөлімшелерінде емделушілердің көп бөлігін кұрайды.
қорыту жуйесінің ауруларының себебін, ағымын, диагностикасын және емін зерттейтін ішкі аурулардың бір саласы ол — гастроэнтерология. Асқорыту жүйесінің ауруларын анықтау ушін науқасты арнайы дайындауды талап ететін түрлі әдістер (ренгендік, эндоскопиялық, ультра дыбыстық) қолданылады

Ентігу – қан айналымның жетіспеушілігінің (сол жақ қарынша жетіспеушілігі) белгісі. Жетіспеушіліктің дәрежесін ентігудің күштілігіне қарапанықтауға болады. Ентігу алғашқы сатыларда физикалық күш түскенде ғана пайда болады. Кейде сөйлегенде, тамақ ішкенде байқалады. Сондай-ақ ауру соңында тыныштық күйіде пайда болады.

Демігу ұстамасы (жүрек астмасы)-өткір, сол жақ қарынша жетіспеушілігінің нәтижесі болып табылады. Ол көбінесе түнде кенеттен басталады. Науқасқа бірден оттегі жетпей қалады. Бастапқыда ентігу инспирациялық түрде жүреді. Кеуде торында күркілдеген сырылдар естіледі. Қызғылт түсті көбікті қақырық бөліне бастайды.


Жүректің жиі қағуы-бұл науқастың кеудесінде пайда болатын сезім, көбінесе жүректің бұлшық еті зақымданғанда пайда болады. Миокардит, миокард инфарктісі, жүрек ақауларында кездеседі. Анемия, невроз, қызба кезінде бұл белгі рефлексті түрде болады. Қалыпты жағдайда физикалық күш түскенде, жүгіргенде, толқығанда, уайымдаған жағдайларда пайда болады.

Жүрек ырғағының бұзылуы— бұл аритмия немесе экстросистолия ретінде көрінеді. Науқастар жүректің тоқтап қалған сезіміне шағым жасайды. Бұл сезімдердің қандай жағдайда пайда болатынын (физикалық күш түскенде, тыныштықта, отырып тұрғанда күшеюі мүмкін) сұрастыру керек.

Жүрек тұсының ауырсынуы— әртүрлі себептерден дамиды. Сондықтан

сұрау жүргізгенде аурудың орнын, мінездемесін (қысылып, қысып, тесіп, күйдіріп ауыру), ұзақтығын, қашан дамитынын анықтау керек.

Ісіктер — оң жақ қарынша жетіспеушілігі белгілері болып табылады. Үлкен қан айналу шеңберінде іркілу болғанда кездеседі. Алғашқыда ісіктер балтырда (кешке қарай пайда болады) пайда болады, түнде қайтадан жоғалады. Кейін санда, жамбаста және іште (асцит) біртіндеп пайда болады. Олар дене қалпын өзгерткенде жылдам түрде жылжып (орнын ауыстырып отырады) отырады.

Оң жақ қарынша жетіспеушілігі келесі белгілермен көрінеді: іркілу құбылыстарымен бауырдың үлкеюі, оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімдері пайда болады, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, іштің (құрсақ қуысының мүшелерінде іркілу болғандықтан) кебуі, бүйрек жұмысының бұзылуы және диурездің азаюы.

Цианоз —тері жамылғыларының көгеруі.

Жөтелу, қан түкіру – кіші қан айналым шеңберінде іркілу пайда болғанда байқалады.Қан айналым мүшелері қызметінің бұзылысы кезіндегі мейірбикелік процесс

Мейірбикенің мақсаты: мейірбикелік күтімді ұйымдастыру мақсатында қажеттіліктің қанағаттануының бұзылысын анықтау. Қан айналым мүшелерінің қызметі бұзылғанда науқас келесі шағымдарды айтады:

— жүрек тұсының ауырсынуы;

— ентігу;

— тұншығу (жүрек демікпесі);

— шеткі ісінулер;

— жүрек қағу;

— іштің ұлғаюы (асцит);

— АҚ күрт жоғарылауы (гипертониялық криз);

— АҚ күрт төмендеуі (коллапс);

— естен тану.

— Науқастан дем алу қажеттілігі қанағаттануының бұзылысы туралы мәлімет алу үшін сұрастырған кезде, жүректің ауырсынуын алғаш рет қашан сезгенін, ауырсынудың сипатын (ұстама түрінде, қақ-
сайтын, тесетін), ауырсынудың пайда болуына әсер ететін факторларды (жаяу жұру, күйзеліс, физикалық ауырлық) анықтау қажет.

Сонымен қатар, кейбір дәрілерді, мысалы валидол, нитроглицерин қолданғаны туралы, одан қандай нәтиже болғаны туралы сұрастыру қажет.

Дұрыс диагноз қою үшін қосымша мәліметтер жинау қажет. Мысалы, тыныштық, жүру, физикалық ауырлық кездерінде ен-
тігу болғаны туралы, тәулігіне ішетін сұйықтық мөлшері туралы, соңғы кезде дене салмағының ұлғаюы туралы сұрастыру қажет. Сұрастыру кезінде науқастың өз қан қысымын бақылайтыны туралы, кім өлшейтінін, кардиолог көмегін қажет етуі туралы сұрастыру өте қажет.

Сонымен қатар, қан айналу жүйесі ауруларының дамуында зиянды әдеттердің, кәсіби зияндылықтардың, тұқым қуалаушылықтың маңызы үлкен.

Кәсіптік зияндылықтарға түнгі кезекшіліктер, жиі суық тию, шуыл, тербеліс, жоғары ылғалдылық, "ыстық цех", зиянды булар жатады.

Науқастан сұрастырған кезде тұрмыстық жағдайы туралы да (пәтердің ылғалдылығы, ауаның төмен температурасы) мәлімет алу керек.

Қан айналым жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп факторлары:

-шылым шегу;

— ішімдікке салыну;

— аз қимылды өмір салты;

— жиі күйзелістік жағдайлар;

— көп мөлшерде май қабылдау;

— артық салмақ;

Науқасты жалпы қарау кезінде келесі өзгерістерге назар аудару қажет:

— тері жамылғыларының түсі: бозару, цианоз, гиперемия;

— терінің ылғалдылығы: ылғалды, суық тер;

— ентігу: тыныштық жағдайда, қимыл-әрекет кезінде;

— шеткі ісіктер: тобықтарда, балтырда, бетте;

— іштің көлемінің ұлғаюы (асцит), іштің алдыңғы аймағында венозды

суреттің күшеюі;

І.МЕЙІРБЙКЕЛІК ДИАГНОЗ: Артериялық қысымның күрт
жоғарылауы

II. МАҚСАТЫ: АҚ-ны біртіндеп төмендету (индивидуалды уақыт).

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:

1) Дереу дәрігерді шақырту (бұл жағдай білікті медициналық көмекті

қажет етеді);

2) бас жағы көтеріңкі, көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек

бұлшық еттерінің, бүйректің қызметі жеңілденеді);

3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету;

4) таза ауамен қамтамасыз ету;

5) шүйде аймағына және балтырға қыша қою;

6) маңдайға суық компресс қою (бас ауру әлсірейді);

7) қолдарға жылы ванна, аяқтарға жылытқыш кою;

8) дәрігердің нұсқауларын орындау;

9) әр 30 минут сайын емделушінің жағдайын (сырт көрінісін қарау,

ТАЖ, АҚ, пульс) АҚ қалпына келгенге дейін қарау.

МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Жүрек шаншуы

II. МАҚСАТ: 30 минут ішінде ауырсыну ұстамасын басу.

ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ.

1) дәрігерді дереу шақырту (бұл жағдай білікті көмекті қажет етеді);

2) емделушіге көлденең қалыпты қамтамасыз ету (жүрек бұлшық еттерінің қызметі жеңілдейді);

3) физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз
ету (миокардтың гипоксия деңгейі төмендейді, тыныс алу жағдайлары

жақсарады):

4) валидол немесе нитроглицерин (1 таблетканы тіл астына)
және 30-40 тамшы корвалол немесе валокардин беру. Егер нит-
роглицерин тамшы түрінде болса, онда 1-2 тамшысын қантқа тамызады;

Ескерту: қан қысымы 100мм с.б. төмен болғанда нитроглицеринді беруге

болмайды.

5) жүрек тұсына қыша қою (қан айналым мүшелеріне рефлекторлы әсер

етеді);

б) таза ауа жіберуді қамтамасыз ету (миокардтың гипоксия деңгейі

төмендейді, тыныс алу жағдайлары жақсарады);

7) дәрігердің нұсқауларын орындауды қамтамасыз ету;

Ескерту: стенокардия ұстамасының созылу уақыты орташа есеппен 1-5 минутқа (сирек жағдайда 30 минутқа дейін) созылады. Егер ауырсыну басылмаса, миокард инфарктісі болуы мүмкін.

8) емделушінің жағдайына (сырт көрінісі, ТАЖ, АҚ, пульс)
бақылау жүргізу.

9) науқастың жағдайы жақсарғанда ұстама кезінде нитроглицерин немесе

валидолды тіл астына қабылдау ережелерін түсіндіру.

10) Науқаспен және оның туыстарымен ауырсынудың алдын алу

шаралары, уақытылы көмек шаралары туралы әңгімелесу. Ұстаманы

тудыратын қауіпті факторлар (қатты қобалжу, физикалық жүктеме,

спиртті ішімдіктер қабылдау, темекі шегу) туралы әңгімелесу.

13.Ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

Іштегі ауырсыну сезімі — асқорыту жүйесінің ауруларының жиі кездесетін белгілеріне жатады. Онын пайда болу механизмі әртүрлі. Асқорыту мүшелерінің моторлық қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру сезім висцеральді деп аталады. Ол мысалы, ішек, бүйрек ауырғанда, ойық жараның асқынбаған т.б. ұстамалы немесе сыздаған диффузды сипатта байқалады, дененің әртурлі бөліктеріне таралады. Патологиялық үрдіске асқорыту мүшелерін қаптайтын ішастар жапырақшасы ұшыраганда, мысалы асқазанның немесе он екі елі ішектің ойық жарасы кезінде оның нерв ұштары тітіркеніп, перитонеальді ауырсыну сезімі пайда болады, ол көбінесе бір жерде тұрақты, өткір, жедел, кұрсақ қабырғасының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде күшейетін болады. Ауру сезім интенсивтілігі, сипаты, орны, таралуының бар-жоқтығы, ұзақтығы, периодтылығы бойынша бағаланылады. Іштің ауруы тек асқорыту ауруларында ғана емес, сондай-ақ жүрек(миокард инфарктісі), тыныс мүшелерінің (крупозды пневмония), неврологиялық аурулар кезінде де пайда болатынын білу керек. Көбінесе науқастар ауру сезімін ауыр өткізеді.Іште ауру сезімі болғанда, бірден дәрігерге хабарлау керек. Мұндай жағдайда мейірбике өз бетімен ішке дәрі немесе жылытқыш беруге құқы жоқ, себебі бұл ауыр асқынуларға алып келуі мүмкін. Ауру сезімінен басқа, асқорыту ауруларында диспепсиялық бұзылыстар кездеседі, оларға жүректің айнуы, құсу, кекіру, тәбеттің бұзылуы, ауызда жағымсыз дәмнің пайда болуы, іш қату, іш өту т.б. жатады.

Қыжылдау – төс немесе асқазан тұсының жоғарғы бөлігінде асқазаннан өңешке қышқыл заттардың түсуі нәтижесінде пайда болатын қыжылдауды сезу

Кекіру- асқазанның тегіс салалы бұлшықеттерінің периодты жиырылуына жэне аяқ астынан ауыз қуысына ауа немесе кейде асқазанның қышқыл заттарының аз мөлшерде түсуіне негізделген.

Асқазанның эвакуациясы төмендегенде астың ашуы күшеюі нәтижесінде

асқазанның газдың түзілуі жоғарлауынан кекіру пайда болады.

Тәбеттің бұзылуы, тіпті кейде оның жоқ болып кетуі (анорексия) мүмкін

Іш қату — нәжістің кідіріп калуы.

Іш өту- сұйық, жиі нәжіс.

Құсу — асқазандағы заттардың өңеш, жұтқыншақ ауыз (кейде мұрын жолдары аркылы) арқылы еріксіз сыртқа шығуы (күрделі рефлекторлы акт), Құсу кептеген ауруларда болуы мүмкін: бассүйешілік қысымның жогарылауы ("орталық" құсу), уланғанда, ішкі органдардын көп аурулары кезінде. Құсумен бірге жүрек айнып, сілекей ағуы мүмкін. Асқазандық құсу науқастың жағдайын жеңілдетеді. Науқастың кұсу кезінде, оның тегіне байланыссыз, жағдайы ауыр екенін ескерткен жөн, және мейірбике мақсаты — науқасқа бұл жағдаймен күресуіне көмектесу. Құсудың диагностикалық маңызы зор. Бұл белгінің пайда болу уақытын, көлемін, сипатын, түсін, иісін, құсу массасының консисстенциясын анықтау керек. Жиі және бағынбайтын көп құсу ағзада электролитті бұзылыстарды туғызады, ал олар жүрек жетіспеушілігін, бүйрек қызметінің бұзылуын т.б. дамытады. Құсу кезінде науқасқа уакытында көмек көрсету манызды, себебі құсу массалары, әсіресе науқастың ес-түссіз жағдайында тыныс алу жолдарына түсіп, ауыр инспираторлы ентігуге, содан соң аспирациялық өкпе қабынуына алып келуі мүмкін. Науқастың жағдайы келсе, қимыл іс- әрекеттің тәртібі мынандай:

1 .Науқасты отырғызып, клеенкалы алғышты кигізу;

2. Аяғының арасына леген немесе шелек қою;

3. Құсу кезінде науқастың маңдайына алақанды койып басын ұстау;

4. Құсып болғаннан соң, аузын шайғызып, бетін орамалмен сүрту;

5. Дәрігер келгенше құсықты шелек ішінде қалдыру.

Белгісіз умен уланғанда құсықты таза, кұрғақ ыдысқа жинап, қақпағын мықтап жауып, жолдамасын толтырып, зертханаға жіберу керек. Құсып жатқан науқасты тыныштандыру керек. Егер науқас соншалық әлсіз болса, отыруға шамасы келмесе, немесе ес-түссіз жағдайда болса, онда мейірбике мынадай қимыл әрекеттерді жасауы тиіс:

Источник: helpiks.org

Мақсаты: жүрек жиырылу қабілетін жақсарту,қысылуды басу,өкпе ісігін болдырмау ;

Көрсеткіші: жүрек жиырылу қабілетін жақсарту,қысылуды басу;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ;

Асқынулары: окпе ісігі, жедел тыныс жеткіліксіздігі,өлім;

Ресурстар: ЭКГ қол аппараты,муляж, кушетка, қысқыш, марлевая салфетка,тонометр, фонендоскоп, марлі дәке,тонометр, фонендоскоп, резинке жгут,клеенка жастықша, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этилспирті700, қол муляжі,бір рет қолданатын шприцтер: 5мл, 10мл, 20мл көк тамырға еңгізетін ертінділерге арналған штатив,бір рет қолданатын система,лоток,лейкопластырь,қыша қағазы, резенке қолғап,КБУ.

Нитроглицерин, 1 %-1мл, морфин гидрохлорид, 0,025 %-10 мл дроперидол,1 %-1 мл димедрол,1%-2 мл фуросемид,30-60 мг преднизолон,5 %- 1-2 мл пентамин,2,4 %-10 мл эуфиллин,0,05 %-1мл строфантин,2 мл кордиамин.

Іс-әрекет алгоритм:

1.Дәрігер щақырыңыз;

2.физикалық және психикалық тыныштандыр;

3.қысып тұрған киімін шеш;

4.таза ауамен қамтамасыз ет;

5.пациентке биік Фаулер жағдайын жаса,арқасына жастық қой;

6.Ылғалды оттек бер;

Дәрігердің тағайындауы бойынша мына дәрілерді еңгізу:

1.Тіл астына нитроглицерин таблеткасын бер;

2.1%-1 мл морфин гидрохлорид ертіндісін к/т;

3.0,025%-10 мл дроперидол ертіндісін к/т;

4.1%-1 мл димедрол ертіндісін к/т;

5.1 %-2 мл фуросемид (лазикс)-ертіндісін к/т;

6.30-60 мг преднизолон-.ертіндісін к/т;

7.5%-1-2 мл пентамин ертіндісін10 мл натрий хлоридизотониялық ертіндігеқосып еңгіз (АҚҚ жоғарылағанда);

8.2.4%-10 мл эуфиллин ертіндісін10 мл изотониялық ертіндімен қосып еңгіз-кіші қан айналымның қысымын төмендету үшін;

9.0.05%-1 мл строфантин ертіндісін 40 %глюкоза ертіндінің 10 мл ертіндісімен еңгіз к/т;

1О. АҚҚ төмендеуінде2млкордиаминертіндісін т/а;

Пациентті үнемі қадағалау: пульсті,АҚҚ ,ТАЖ.

Ескерту:

Зембілмен жан сақтандыру бөлмесіне жеткізу.

Негіздеме:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

2. 23 сәуір 2013 жылғы № 111.ҚРденсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

3. 24.02.2015 жылғы № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

4. 28.02.2015жылғы № 176ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

Кпе ісінуі кезінде жедел көмек көрсету

Мақсаты:

1. Қан циркуляциясындағы массаны азайту. Өкпе дегидратациясы.

2.Жүрек жұмысын азайту.КҚА қысымды түсіру.

3.Ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ету шараларын жақсарту.

4.Жүрек жиырылу қабілетін жақсарту.

Көрсеткіші: жедел жүрек жеткіліксіздігі,жедел тыныс жеткіліксіздігі;

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Асқынулары :жүректің тоқтап қалуы,тұншығу;

Ресурстар: ЭКГ қол аппараты,муляж, кушетка, қысқыш, марлевая салфетка,тонометр, фонендоскоп, марлі дәке,резинке жгут,клеенка жастықша, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этилспирті700, қол муляжі,бір рет қолданатын шприцтер: 5мл, 10мл, 20мл көк тамырға еңгізетін ертінділерге арналған штатив,бір рет қолданатын система,лоток,лейкопластырь,қыша қағазы, медициналық қолғап,КБУ.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Дәрігер щақырыңыз;

2.физикалық және психикалық тыныштандыр;

3.пациентті ыңғайлы отырғызыңыз,аяқ астына стөл қойыңыз;

4.таза ауамен қамтамасыз ет;

5.тіл астына нитроглицерин таблеткасын бер,тіл астына изокет-спрей;

6.пациентке ылғалды оттекті этил спирті арқылы бер-100мл суға 30 мл

96% спирт немесе антифомсилан;

7.аяқ қолдарына жгут сал,уақытын белгілеп.

Әр 15 мин. сайын сағатың көрсеткіші бойынша бір аяғын босатып,босына

жгут байлап отыр;

Дәрігердің тағайындауы бойынша мына дәрілерді еңгізу:

1 .1% -1 мл морфин

2. 1%-4 мл лазикс (80-240мг фуросемид),

3.2,4%-10млэуфиллин ертіндіні 10 мл 0,9 %хлориднатрий ертіндіге

қосып еңгіз(кіші қан айналымын —разгрузки )

4.0, 025% -2-4 мл дроперидол ертіндіні

5. 0, 005% 1 мл фентанил ертіндіні

6. 0,05%-10 мл строфантинертіндісін хлорид натрий

7.5%-25-100 мг пентамин ертіндіні АҚҚ 140/90 мм.с.б.жоғарлауында бөліп

20 мл изотониялық хлорид натрий ертіндімен к/т;

8.60-120 мг преднизолон –АҚҚ төмендеуінде.

Ескерту:

Пациентті жан сақтандыру бөліміне немесе қарқынды емдеу бөлмесіне жатқыз.

2.Пациентті зембілге жатқызып немесе басын көтеріп отырғызып тасымалда.

Негіздеме:

1. 18 қыркүйек 2009 жылғы ҚР Кодексі.

2. 23 сәуір 2013 жылғы № 111.ҚРденсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

3. 24.02.2015 жылғы № 127 ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

4. 28.02.2015жылғы № 176ҚР денсаулық сақтау Министрлігі жарлығы.

Источник: studlib.info

Жүрек аурулары

Адам шаршаса  жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек  үздіксіз жұмыс істейді,  адамның  ми клеткалары басқа  органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.

 Жүректің  әрбір қысқарған уақытында ол  ірі тамырларға елу, жүз текше  сантиметр қан жөнелтеді. Ширек  стақан, бір қарағанда аз сияқты, алайда осы санды бір минуттағы  60-80 қысқартуға көбейтіңіз, сонда  4-8 литр, ал тәулігіне 10 мың литрға  жуық қан айдайды! Жүректің  осы бір алып жұмысы ол өзінің  жұмысын ақаулы атқарғанша күн  сайын қайталанады. Алайда жүректің  құрылымы қандай болса да, табиғат  оған қандайда бір күшпен төзімділікті  сыйласа да ауруға шалдығуы  мүмкін.

Жүрек тамыры ауруларының халықтың арасында қазіргі  уақытта таралғандығы соншалық оны  ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы  қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан  пайда болатын аурулар. Жүрек  ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан  тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б.

Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді.

Жүрек және қан тамыр  неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы, жүрек тосқауылдары, т.б. жатады. Бұлардан басқа да Жүрек Аурулары бар. Мысалы, Жүрек демікпесі; қ. Демікпе. Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

Вена қантамырларының  кеңеюі

Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып  жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін  болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын  жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла  алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.

Қаназдық

Қаназдық (анемия) — қанда эритроциттердің  азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын  ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден  көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің  тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің  түзілуіне қатысатын заттардың  (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Ақ қандылық

Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas — ақ, гр. haima — қан). Лейкоциттер кеміктегі  жілік майын ығыстырып, эритроциттердің  түзілуіне кедергі жасайды. Бұл  ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем

Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан кетуі мүмкін.

Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп  қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында  қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған  жердің жоғарғы жағын саусақпен  қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты  қысып байлайды. Артерия қантамырларынан  аққан қан алқызыл түсті болады.

Вена қантамырларынан аққан  қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі  жағынан саусақпен басып тұрып  қатты таңады.

Мұрыннан қан кеткен кезде — басты  сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек  басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға  тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы  мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету  керек.

Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл  кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін  жұмыстар — жүрек бұлшықеттеріне зақым  келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі  жасайды.

Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың  бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды  бұзады.

Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда  жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді. Жүрек — қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты.

Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері

Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ  болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды  әлсіретеді.

Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың  уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез  таралады. Жүрек пен қантамырлар  жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек  жұмысына кедергі жасайды.

Жүрек-қантамырлар ауруларының  алдын алу үшін ең қажеттісі — көбірек  қозғалу. Қозғалыстың негізі — бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда  бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.

Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты  жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез  шаршайтын болады

Вегето-қантамыр дистониясы: жұмбағы көп ғасыр дерті

Медицина мамандары бұл ауруды бұрын жоққа шығарған еді. Себебін  ауруға қарсы емдеу шараларының  болмауынан деп түсіндіреді.

Атауы күрделі вегето-қантамыр ауруының басты себебі — күйзеліс болып шықты. Дәрігерлер күйзелістің біраз ауруларға  себеп болғанын айта келіп, онымен күресудің  медициналық, психологиялық, тіпті  әлеуметтік жолдарын іздеген.

Вегето-қантамыр дистониясы (ВҚД) туралы алғашқы мәліметтер Америкада жарияланды. АҚШ оңтүстігі мен солтүстігінің  өзара соғысы барысында дәрігерлер жауынгерлердің ішкі қан тамырлары  жүйесіне зақым келгенін анықтаған. Өткен ғасырдың 20-жылдары Ресейде  бұл ауру “қатерлі” болып танылды. Ауруға шалдыққан науқастың шағымдарына  жауап табылмай, аурудың сипаты түсініксіз болғаннан кейін, бұл індетті  емдеу мен шешімін шығару қиынға соқты. Қазіргі таңда, дәрігерлер шеңберінде бұл ауруға қатысты дау көп.

Қантамырлары сыр берген жандар қатары күн санап үдей түсуде. Қазіргі  таңда, бұл ауруға жер бетіндегі  адамдардың 70%-ы шалдыққан. Көбінесе бойшаң әрі жүдеу кісілер, сонымен  қатар, моральдық және физикалық  жағдайына көп ауыртпалық түсетін  жандар бұл ауруға осал келеді.

“Дәрігер, менің бүкіл денем  маза бермей ауырады”, — деген шағыммен келетін науқасқа дәрігердің қоятын ең алғашқы диагнозы — вегето-қантамыр дистониясы. Зерттеушілер бұл аурудың 150 көрсеткіші мен 50 синдромын анықтаған. Кейде дәрігерлер қандай да бір ауруды анықтай алмай жатса, қантамырлар  жүйесіне сілтей салатын көрінеді. Мұндай жағдайларға ұшырасып, зардап шегіп жатқан науқастар көп. Дәрігер  жүрек-қантамырлар жүйесі (ВҚД) сыр  берген деп, жүйке ауруларын емдейтін бөлімшеге жатқызған науқастың, кейін астма немесе өкпе ауруынан зардап шеккендігі анықталған.

Зерттеу барысында, қан тамырлары  ауруларының белгілі бір індет  емес, бірнеше симптомдардың жиынтығы екені белгілі болды.

“ВҚД” яғни, жүрек-қантамырлары ауруларының  алғашқы белгілерін дәрігерлер былай  белгілеген:

Есінен тану, жүрек пен кеуде  айналасына шаншу қадалғанын сезіну;

Дене қызуының тұрақсыздығы мен  өңнің солғын тартып, не қызаруы;

Тұла-бойының біресе терлеп, біресе қалтырап тоңуы;

Әр түрлі аурулардың өршуі, көп  жағдайда бас пен жауырыннан ауырлық  сезіледі;

Эмоциялық көңіл-күйдің бұзылуы: тез  шаршау мен психологиялық қамкөңілдік.

Факторлары

Бұл ауруды тудыратын алғашқы фактор — эмоциялық көңіл-күйдің түсуі  мен күйзеліс. Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-психотерапевт Дмитрий  Мерзляковтың айтуынша, ВҚД ауруына  шалдығатын жандар көп жағдайда уайымға  беріліп, жабырқап жүреді. Кәсіби сөзбен айшықтасақ, адам күйзеліске түскенде, оның сезу мүшелерінің қызметі төмендейді. Бұл аурудың тұқым қуалауы  мүмкін. Мәселен, холериктер өмірге белсенді. Айналасында болып жатқан әр құбылысқа сезімтал келетіндіктен, олардың бұл ауруға шалдығу қаупі жоғары.

Кейбір зерттеушілер «ВҚД ауруының басты себебі — қанның ағзада дұрыс  айналмауынан», — деп түсіндіреді. “Сіз қантамырға жалғанбаған сау мүше көрдіңіз бе? Адамның алпыс екі  қан тамыры бойындағы барлық он екі  мүшесінің арасын жалғап, адамның  өмір сүруін қамтамасыз етеді” — деп  түсіндіреді дәрігер-остеопат Дмитрий  Мохов. «Мәселен, неврология бөлімшесінде жасайтын бірде-бір дәрігер бас  сақинасы ауруын іштің кебуімен байланыстырмайды. Алайда, бұл екі ауру та қанайналым жүйесіне әсер етеді. Сондықтан, қантамыр ауруларының ушығуына да негіз болуы  мүмкін.

Кеңес: бойыңыздан қуат кетіп, денсаулығыңыздың сыр беріп жүргенін байқасаңыз, қантамырлар  ауруы деп, қате ем қабылдаудан аулақ  болыңыз. Себебі, бірнеше індет белгілері  “ВҚД” ауруымен ұқсас келеді. Және есте сақтайтын маңызды жайт: кеуде  қуыстарынан байқалатын әр шаншуға  селқос қарамай, шұғыл емдеу қажет. Кез келген жай шаншумен, уақытша  дене қызуының көтерілуі артында  үлкен аурудың тұру мүмкіндігін  ұмытпаңыз. Дер кезінде алдын  алған сырқаттан оңай жазылуға болады. Жылына бір рет кардиолог, бір  рет фтизиатор маманның тексеруінен өтіп тұрған жөн.

“ВҚД” ауруымен күресудің  жолдары

“ВҚД” ауруының бетін қайтару  үшін кешенді ем қабылдау керек. Қазіргі  медицинада емдеудің әдіс-тәсілдері  көп. Тек оларды шатастырмау қажет. Әдістер қатарына диета, психотерапия, фитотерапия және дене шынықтыру  жаттығулары кіреді.

Егер бұл дерттен дәрі-дәрмек таба алмай жүрсеңіз, босқа әуреге салынбаңыз… Өйткені, бұл аурудан  айықтыратын препарат әлі шығарылған жоқ. Сондықтан, ауруды болдырмау үшін таза ауада серуендеуді жиілетіңіз, дене шынықтыру жаттығуларын жасап  жүріңіз. Дегенмен, жаттығулармен абай болу қажет. Себебі, жүрек пен тамырларға айтарлықтай күш түседі. Егер басқа  уақытта дене жаттығуларын жасауға  күш пен уақытыңыз жетпей жатса, таңертеңгілік 10 минутыңызды бөлсеңіз де, жетіп жатыр.

Тамақтану тәртібін сақтау — аурудың  бетін қайтарудың бірден-бір жолы. Асыңыздың құрамына мән беріңіз. Бидай мен көкөністі тағамдардың  санын көбейтуге дағдыланыңыз. Дәрумендері  мол тағамдар жүрек пен қантамыры  жүйелеріне жағымды әсер бере алады.

Емдік қасиеттері мол өсімдіктердің  көмегіне жүгініңіз. Қазір емдеу  орындарында шөппен емдеу әдісі  танымал. Оның шипасы мол. Дәріханаларда  да дайын шөптік өнімдер көп. Розмарин мен биостимулятор көңіл-күйді  көтеріп, дене ауыртпалығын жеңуге көмектеседі. Ал қозу мен мазасыздықтан валериана, пустырник, боярышник деген дәрмектер  құтқарады.

Рефлекстік емдерді де қолданып көріңіз. Бұған массаж, ине салу емдері кіреді. Ауырған мүшелерді қатты  уқалау сырқаттан құлан-таза айығуға  септігін тигізеді. Алтын инемен емделудің  де пайдасы зор. Ол буындардың жұмысын  жақсартып, жүйке жүйесіне де тыныштық сыйлайды.

 

Источник: student.zoomru.ru

1.

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Оқытушы:Молдашева
А.А
Уақыты:
Мерзімі:
Тобы: ЖМ-424

2. Жоспар

Жүрек
демікпесі
Пневмония
Есімдік
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

3.

Жүрек – пішіні конус тәрізді, кеуде
қуысының сол жақ жартысына жақын,
екінші-бесінші қабырға деңгейінде
орналасқан қуыс бұлшықет мүшесі.
Жүрек массасы 250-300 г. Жүрек төрт
қуысты: екі жүрекше мен екі қарыншадан
тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар
жақтаулы қақпашамен өзара байланысты
болады. Жүрек қабырғасы үш қабаттан
тұрады: эпикард, миокард, эндокард.
Адамда қантамырлардың екі тұйық
жүйесі – қанайналымның үлкен және кіші
шеңберлері бойынша қозғалады.

5.

Қызметі: тасымалдау,
гуморальдық, жылу
реттеу, қорғаныш
қызметін атқарады.
Ағзаның ішкі ортасы:
қан, лимфа, ұлпа
сұйықтығы.

7.

Жүрек тәулік бойы, өмір бойы жұмыс
істейді. Оның жұмысы жүйке жүйесінің үнемі
бақылауында болады. Жүрекше мен қарынша
ішінде, сондай-ақ қан тамырлары
қабырғасында жүйке ұштары – рецепторлар
болады.
Олар жүрек пен тамырлардағы кез-келген
өзгерістерді қабылдап, оларды орталық
жүйке жүйесіне береді.
Сонымен қатар оған басқа мүшелерден
қанмен қамтамасыз ету қажеттілігі
туралы ақпарат түседі. Орталық жүйке
жүйесі жауап ретінде жүрекке
парасимпатикалық және симпатикалық
жүйкелер бойынша импульс жібереді.

8.

Тыныштық жағдайында жүректің жиырылу
жиілігі баяулайды, олардың күші
парасимпатикалық жүйке әсерінен азаяды.
Дене жұмысы немесе спортпен айналысу
кезеңінде, керісінше, симпатикалық
жүйкелер жиілікті жылдамдатып, жүрек
бұлшықетінің жиырылу күшін арттырады.
Нәтижесінде қанмен қамтамасыз ету
күшейіп, мүшелерге қоректік заттар,
оттек, су көп түседі де зат алмасу
өнімдері тез шығарылады.
Жүрек жұмысы сондай-ақ гуморальдық
реттеу әсерінде болады, яғни биологиялық
белсенді химиялық заттар гормондар
көмегімен
реттелді.

10.

Пневмония (гр. pneumon —
өкпе), өкпе
қабынуы — өкпе тінінің қабынуынан
немесе басқа аурулардың асқынуынан
болатын өкпенің жұқпалы ауруы. Ол
көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронх
ит, демікпе сияқты тыныс ауруларын
немесе әсіресе жас балалар мен қарт
адамдарда болатын қатаң аурулардан
кейін пайда болады. Сонымен қатар ол
СПИД-пен ауырған кезде де болуы
мүмкін.

12.

Түрлері
Сырқаттың ұзақтығына
]
қарай:
қабынудың жайылып
тарауына қарай:
жедел пневмония 
созылмалы
пневмония
бөлікті пневмония
 ошақты пневмония

13. Белгілері

Бірден қалтырап, ыстықтың көтерілуі;
Кеуде ауырады.
Науқастың халі ауырлайды
Жөтел (түсі сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр,
не сілекейге аздап қан араласқан).
Әр дем алы Пневмониядем шығарған сайын
мұрынның желбезегі көтерілі Пневмония басылып
тұрады. Дененің ысуы
Бетіне және ерніне салқын тигенде ұсақ жаралар
шығады. Өте қатты ауырған бала минутына 50-ден
астам ентіге дем алса, ол өкпе қабынуымен ауыруы
мүмкін. Егер дем алысы жиі және терең болса,
тексеріп көріңіз, бұл дегидрация немесе ұстамалы
жүйке ауруы болуы мүмкін.

14. Есімдік

Есімдіктер
— заттың атын, сынын,
санын,олардың аттарын
білдірмейтін, бірақ солардың (зат
есім, сын есім, сан есімдердің)
орнына жұмсалатын сөз табы.
Есімідіктер белгілі бір түсінікті я
ойды жалпылама түрде мегзеу
арқылы білдіреді.

15.

Есімдіктер мағыналарына қарай
есімдіктер мынадай топтарға
бөлінеді:
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
жіктеу есімдіктер;
сілтеу есімдіктер;
сұрау есімдіктер;
өздік есімдіктер;
белгісіздік есімдіктер;
болымсыздық есімдіктер;
жалпылау есімдіктері;

16. Бақылау сұрақтары

Жүрекке анықтама бер?
Пневмонияға анықтама бер?
Пневмония неше түрі бар?
Сырқаттың ұзақтығына қарай
пневмония қаншаға бөлінеді?
Есімдік дегеніміз не ?
Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Сілтеу есімдігі дегеніміз не?
Белгісіздік
есімдіктер дегеніміз не?

17.

Есімдікке
байланысты
тест сұрақтар

18.

1. Есімдік қандай сөз табы?
А) Заттың сынын білдіреді Ә) Заттың санын білдіреді
Б) Заттың атын білдіреді В) Есім сөздер орнына қолданылады
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А) 7 Ә) 6 Б) 5 В) 4
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
А) 4 Ә) 2 Б) 3 В) 6
4. Сан есімдерді белгіле.
А) он бір, табиғат, сары Ә) адам, оқушы, жеті
Б) алты, он бір, екі мың екі В) сегіз, оқыды
5. Дара сын есімдерді көрсет
А) ақ, қара, ащы Ә) қызыл ала, қара шұбар
Б) қара көк, сұлу, сары В) қара торы, қып — қызыл

19.

6. Жалқы зат есімдерді анықта
А) тау, өзен, қала Ә) қала, оқушы, сана
Б) Көксу, ой, газет В) Астана, Мұхтар, Ұлан
7. Зат есім нені білдіреді?
А) заттың атын білдіреді Ә) заттың қимылын білдіреді
Б) заттың санын білдіреді В) заттың көлемін білдіреді
8. Жинақтық сан есімдерді тап
А) төртеу, тоқсан екі, он тоғыз Ә) үшеу, сегіз, он
Б) біреу, екеу, жетеу В) екіден — бір, үштен екі
9. Туынды сын есімдерді белгіле
А) жақсы, алыс, ауыр Ә) сары, әдемі, көркем
Б) ұзын, салқын, ақ В) бойшаң, сөзшең, таулы
10. Сан есімнің сұрағын анықта
А) қанша, неше, нешінші Ә) қандай, қай, кімнің
Б) кім, не, несі В) не істеді, не қылды

20.

Тапсырма.
Мына
сөздердің ішінен қазақ тіліне тән
дауысты дыбыстарды табыңыз.
Абзал, әлпет,
әзілдес ,кемпірауыз, ләззатты,гауһар,
тыюсыз, ғанибет, бүйрек, көз, жұлын,
өкімет, кәртеміш, ақтұнба, жазира ,зәулім,
өсіп ,бұл, езулік, тәубе,
өрен,тәуекел,көкжөтел, ділдә, бұйымтай,
мәлімет, жүрек,дүмпіту,әңгімеқұмар,
бүркеніш

21. Грамматтикалық тапсырма:

Есімдікті табыңыз?
Жүрек –бұл пішіні конус тәрізді, кеуде
қуысының сол жақ жартысына жақын, екіншібесінші қабырға деңгейінде орналасқан қуыс
бұлшықет мүшесі. Жүрек массасы 250-300 г.
Жүрек төрт қуысты: екі жүрекше мен екі
қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен
қарыншалар жақтаулы қақпашамен өзара
байланысты болады. Жүрек қабырғасы үш
қабаттан тұрады: эпикард, миокард, эндокард.

22.

Тапсырма.
Сөйлемнен көмекші есімді тауып,
қай септікте тұрғанын айтыңыз.
Үйдің сырты да, іші де адамға
толды. Біз өзеннің бойымен
ауылдың маңына жақындадық.
Үйдің жанында, екі көшенің
арасында ол сенің күтті. Солтың
үстінде де, астында да еш нәрсе
жоқ. Қаланың сыртындағы
өзеннің жағасында жақсы
санаторий бар. Мектептің
қассына кітапхана салды.

23.

Тапсырма:
Берілген
мақал-мәтелдердің
сыңарын табу.
1. Дәрі
шөптен шығады
2. Аурып
3. Жан
4. Көз
тұрдың
ауырса
көру үшін
5. Дәрігер
біреу үшін
аунап тұрдың
тән азады
ой білу үшін
ақын көптен шығады
дәрі ішпейді
6. Әр
бастың ауруы
ауру тұрмайды
7. Ас
тұрған жерде
әр басқа

24. Термин сөздер:

Эпикард- жүректің сыртқы қабаты
Миокард- ортаңғы қабаты
Эндокард –ішкі қабат
Пневмония (гр. pneumon — өкпе), өкпе қабынуы
Апноэ- тыныстың тоқтауы.
Брадипноэ- тыныс алудың азаюы.
Тахипноз- тыныстың жиіленуі.
Тахикардия- жүректің қатты соғуы.
Брадикардия- жүректің аз соғуы.
Гипертермия- температураның көтерілуі.
Гипертония- қан қысымының көтерілуі.
Гипотония- қан қысымының түсуі.

25. Психологиялық тест Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Психологиялық тест
Мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Қайсысы көзіңізге ерекше түсті,
соның реттік нөміріне қараңыз.

26.

1. Жомарт және адамгершілігі жо ғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға
талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл
табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай
шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз
әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға
жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін… содан кейін де жа қсы көруден
танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.
2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр
тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жа қсы
көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің
мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме
таусылмайды. 
3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен
ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей
үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз
дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе
қоймауы да мүмкін. 
4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен
қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да… Сізді көбі
дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді.
Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені
жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

27.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы
ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың
құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз — олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз
адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.
6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз.
Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып
қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз,
онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ
ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез
келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы
бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.
8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз.
Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол
көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін
біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын
анықтағанша байыз таппайсыз.
9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір — сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану
керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз.
Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім
сұрай да аласыз.

28. Қорытынды

Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан
адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін
шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі
болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты
жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын
болады. Пневмония өкпе қабынуы — өкпе тінінің
қабынуынан немесе басқа аурулардың
асқынуынан болатын өкпенің жұқпалы ауруы.
Ол
көбіне қызылша, көкжөтел, тұмау, бронхит, де
мікпе сияқты тыныс ауруларын немесе әсіресе
жас балалар мен қарт адамдарда болатын қата ң
аурулардан кейін пайда болады.

29. Қолданылған әдебиеттер:

Адам анатомиясы – Алшынбай
Рақышев – Алматы 2004
Ішкі ағза ауруының пропедевтикасыБ.Н.Айтмамбет – Алматы 2005
Қазақ энциклопедиясы
www.google.ru

Источник: ppt-online.org


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.